«Кардиохирургия: сандар мен деректер» атты журналы
Кардиохирургтардың II Конгресін өткізу аясында «Кардиохирургия: сандар мен деректер» атты ақпарттық журналы шығарылады. Сіздерді журналда басып шығаруға өз мекемеңіз жайлы ақпаратты және материалды тапсыруға шақырамыз.
Берілетін ақпараттың паспорттық бөлімінде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс: денсаулық сақтау ұйымының атауы, ұйым басшысының аты-жөні (толық), ғылыми дәрежесі, біліктілік санаты; ақпараттың негізгі бөлімінде қысқаша әдеби түрде ұйымның қалыптасу тарихы, материалдық базасы, кадрлық потенциалы, кардиохирургиялық көмектің көлемі, ғылыми жаңалықтар, жұмыстың негізгі көрсеткіштері, бір жылдағы жетістіктері мен даму басымдылықтары туралы ақпарат берілуі керек. Ақпаратқа қосымша JPG форматындағы ұйымның «жұмыс тәртібіндегі» 3-4 түсті сурет, оның ішішнде ұйым басшысының бір суреті болғаны қажет.
Материал Microsoft Word форматында, А4 өлшеміндегі 1-2 бетке Times New Roman 14 шрифтімен басылуы тиіс, интервалы бір жарым, сол жағынан – 2,0 см, оң жағынан, үстінен, астынан – 1,5 см орын қалдырылуы тиіс.
Материалдар 2013 жылдың 15 маусымына дейін cardiacsurgery.kaz@gmail.com электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс (материалдардың бірінші бетінде жоғары оң жақ бұрышында "Журнал үшін" белгісі қойылуы тиіс).