Шақыру
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2013 жылдың 7 және 8 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін Кардиохирургтардың ІІ Ұлттық конгресіне қатысуға шақырамыз.
Конгрестің ғылыми бағдарламасында туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауы хирургиясы, жүректің ишемиялық ауруы хирургиясы, балалар кардиохирургиясы мен интервенциялық кардиохирургияның мәселелері, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудегі гибридті технологияларды қолдану, сондай-ақ жүрек трансплантациясының маңызды мәселелері сияқты ауқымды тақырыптар талқыланбақ.
Конгресс кардиохиургия саласының жетістіктері мен даму бағыттарын талқыға салу, тәжірибе алмасу және халықаралық байланысты нығайту мақсатында АҚШ, Еуропа, Ресей, сонымен қатар Орталық Азия елдері және жақын шетелдің үздік мамандары мен ғалымдарын біріктірмек.
Сіздердің конгресс қонақтары мен қатысушыларының жемісті пікір алысуына зор үлес қосатыныңызға сенімдіміз.
Сіздерді әсем Астанамызда асыға күтеміз.
Ізгі тілекпен,
Басқарма төрағасы
Юрий Пя