Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында тұңғыш рет сол жақ қарыншаны қосалқы сүйемелдеу аппараты (LVAD) имплантацияланды.

Қазақстан Республикасында тұңғыш рет Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығынды шығындылығы жоғары, жоғары технологиялық операция – сол жақ қарыншаны жасанды сүйемелдеу аппараты имплантацияланды.
Бұл технологияның не Ресейде, не Орталық Азияда өткізілмегендігін атап өткен жөн.
Операция 2011 жылдың 7 қарашасында Астана қаласының 42-жасар тұрғыны Марат Шимбаловқа жасалды. Ауру салдарынан жүрек өз мүмкіндігінің төрттен бір бөлігі мөлшерінде ғана жұмыс істеген, ол минутына 2 литр қан айдай алған. Шұғыл шара қолданылмаған жағдайда, Марат бірнеше айдан артық өмір сүре алмас еді. Бүгін LVAD имплантациясының көмегеімен оның жүрегі минутына 5 литр қанға дейін айдай алады. Бұл норма болып табылады.
Имплантацияны Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының жетекшісі, еңбегі сіңген әйгілі кардиохирург Юрий Пя мен оның шетелдік әріптесі Чех Республикасының профессоры Прага қаласынан келген әріптесі Ян Пирк өткізді.
Бүгінгі таңда әлемде барлығы 7000 астам LVAD аппараты имплантацияланды. Бұл аппарат адам өмірінің сапасын айтарлықтай жақсартып өмірін ұзартуға оң септігін тигізеді.
LVAD аппараты — ол қарапайым батарейка көлеміндегі сорғы, оның екі түтігі болады, біреуі қолқаға, ал екіншісі сол жақ қарыншаға қосылып тұрады. LVAD сол жақ қарынша функциясын атқарып тұрады. Сол жақ қарынша ағзаның басқа органдары мен тіндерін қанмен қамтамасыз етіп тұратын ең үлкен және ең қуатты камера болып табылады.
LVAD-тың табиғи жүректен айырмашылығы ол қанды үнемі айдап тұрады және бұл жағдайда жүректің соғу ырғағы болмайды. Сондықтан Марат Шимбалов сияқты көптеген науқастардың пульсі жоқ. Осы себеппен LVAD имплантацияланған науқастар білезік түріндегі арнайы белгілер тағып жүреді. Онда науқас есінен таңып қалған жағдайда оған жедел жәрдем көрсетуші адам науқас қайтыс болды деген қорытынды жасамауы үшін тиісті ақпарат берілген. Болашақта осы технология арқылы Қазақстанда көптеген адамдардың өмірін аман алып қалу мүмкін болады деп күтілуде.