• Каз
  • Рус
  • Eng

Ғылыми жобалар

Қазіргі уақытта келесі ғылыми жобалар орындалуда:
  • «Қан ұю және қан кету дамуының жоғары қаупі бар сол жақ қарыншаның имплантацияланған қосалқы қанайналым құрылғылары бар науқастардың геном-ассоциирленген антитромбты терапиясы», Өмір туралы ғылымдар Орталығымен бірігіп, Назарбаев Университеті, орындау мерзімі 2015-2017 ж.ж.;
  • «Жүрек аритмиясының диагностикасын және генетикалық бейiмділікті анықтауға Haloplex кардиогенетикалық панелінің дамуы және клиникалық апробациясы», Өмір туралы ғылымдар Орталығымен бірігіп, Назарбаев Университеті, орындау мерзімі 2015-2017 ж.ж.;
  • «Ерте өкпе обырын зерттеу», тапсырушы ҚР БҒМ ҒК, орындау мерзімі 2015-2017 ж.ж.
2014 жылы «Ауыспалы аритмияға және жүрек қарыншасы ырғағының бұзылуына шалдыққан науқастардың кенет жүрек өлімінің генетикалық маркерлерімен иммундық қабыну процестерінің көрсеткіштері» атты ғылыми жобасының орындалуы аяқталды. Ғылыми жоба жетекшісі – Бекбосынова М.С., 2011-2014. 

Ғылыми жобаның орындалуында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
  • НУ өмір туралы ғылымдар Орталығының гендiк зертханасы негізінде кенет жүрек өлімі жоғары тәуекелі бар тұлғаларда жүрек аритмиясы дамуының генетикалық маркерлерін анықтау үшін жүрекше фибрилляциясы бар және дені сау бақылау топтарында KCNQ1, KCNE1, KCNE2, KCNН2 (HERG), SCN5A калий және натрий арналары гендерінің генетикалық нұсқаларының зерттеуі жүргізілді. Мутациялар ЖФ бар 59 тұлғада табылды, оның ішінде 14,5 % мутациялар KCNQ1 генінде, 43,5% мутациялар KCNE1 генінде, 1,4%  - KCNE2 генінде, 40,6% - KCNН2 генінде;
  • Грац Медициналық Университетімен пилоттық жоба шеңберінде hRYR2 геніндегі мутацияны анықтау үшін қарыншақ тахикардиясы бар 35 ДНК үлгілері зерттелді. hRYR2 генінде бұрын жарияланбаған екі мутация және АДПЖ-мен байланысты бір белгілі мутация анықталды. Зерттеу нәтижелері PLoS One. 2014. 30, 9. (http://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/24978818) журналында жарияланған;
  • Қарыншақ тахикардиясы бар 99 науқастың ДНК үлгілері кардиогенетикалық панельде зерттелді. Бұл панель Грац Медициналық Университетімен бiрігіп жасалынды және жүрек аритмиясы мен кардиомиопатия дамуымен байланысты алынған 96 ген-кандидаттардан құралған. 1422 генетикалық нұсқалар анықталды. Онын ішінде танымал ауру тудыратын HGMD (Human Gene Mutation Database) адам геніндегі мутациялар деректер қорындағы 87 генетикалық нұсқалар. Зерттеу нәтижелері бойынша мақала дайындалып жатыр;
  • Ең маңызды таңбалауыштарды анықтау үшін Грац Медициналық Университетімен бiрігіп қисыны бар жүрек ырғағының ақырғы бұзылуын бақылауна қажет жүрекше фибрилляциясымен жүрек қарыншасы ырғағы бар папциенттерде қабынуға қарсы цитокиндер деңгейінің салыстырмалы бағалауы өткізілді. Осы мақсат үшін, TNF-α, MCP-1, IL-1β, IL-6, IL-8, IL-10, VEGF және IFN-γ және цистатин C, C-реактивті ақуыз, Serpin, Myeloperoxidase, TIMP-1 жүрек таңбалауыштарын бір мезгілде өлшеу үшін цитокиндік және кардиологиялық панелі қолданылды.
  • Кенет жүрек өлімі жоғары тәуекелі мен генетикалық бейімділігі бар науқастарды уақтылы және тиімді анықтауға жетілдірліген кешенді бағдарлама;
  • Алынған нәтижелер клиникалық көріністері жоқ генетикалық мутациялары мен кенет жүрек өлімінің жоғары тәуекелі бар пациенттерді бақылауының хаттамасын өзгертуге мүмкіндік береді;
  • 6 мақала, онын ішінде 2 халықаралық журналдарда, 15 тезис жарияланды және халықаралық конференцияларда 7 баяндама жасалынды.