• Каз
  • Рус
  • Eng

Резидентура

АҚ «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» резидентурада келесі мамандықтар бойынша бюджеттік және шаруашылық есеп негізінде даярлауды қамтамасыз етеді:
  1. «Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы» 4 жыл 
  2. «Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы» 3 жыл
  3. «Сәулелік диагностикасы» 2 жыл
Оқуды резидентурада жалғастыру үшін келетін барлық интерндерді шақырамыз.

Біздің Қоғам ең жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған және алдыңғы қатарлы халықаралық сарапшылардың қатысуымен мастер-класстар өткізеді.

Кәсіби Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының тиісті деңгейінде оқу бағдарламаларын жүзеге асырумен қатар, резидент-стажер куратор немесе кезекші дәрігердің басшылығымен кезекшілікте тұрады, Қоғымның бқлімшелеріндегі науқастарды бақылайды, медициналық құжаттамаларды толтырады (медициналық құжаттамадағы жазба резидент-стажер және емдеуші дәрігердің қолымен куәландырылады).

Резиденттер бөлімше меңгерушілері/бөлім басшыларының күнделікті тексерулерге және апта сайынғы аралап шығуына, консилиумдарға қатысады.

Резиденттер кураторлар бақылауымен сапа бағдарламасы бойынша деректер жинаумен айналысады және жүйелі түрде алған білімдерін бағалау кезінде растап отырады.

Резиденттер оқудан тыс уаықытында Қоғамда медициналық қызметтерді көрсету мақсатында жұмысқа тұру мүмкіндігі бар (0,5 мөлшерлемеден артық емес, түнгі кезекшілік, демалыс және мейрам күндері).

Резиденттер ғылыми жобаларда, конгресс, конференция, мастер-класс және олардың кәсіби дағдыларын арттыруға жәрдемдесетін басқа да шараларға қатысу мүмкіндігіне ие.