• Каз
  • Рус
  • Eng

Халықаралық ынтымақтастық


Білім бөлімінің жұмыс істеу жылдарында «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-ның дамудағы басым бағыттарының шеңберінде шетел медициналық орталықтарымен серіктестік қатынастарын құрды.

Өзара ынтымақтастық туралы «ҰҒКО» АҚ және Миннесота Университеті (Миннеаполис қ., АҚШ), «Сантаришкю Клиникос Вильнюс Университетттік ауруханасы» (Вильнюс қ., Литва), «MVI Медициналық орталығы» (г. Рамат-ган қ., Израиль), «Шнайдер атындағы Балалар Медициналық орталығы» (Петах-Тиква қ., Израиль), «Клиникалық және тәжірибелік медицина Институты» (Прага қ., Чехия), «Жүрек хирургиясы және органдар тансплантациясы Ғылыми Зерттеу Институты» (Бишкек қ., Қырғызстан), «РФ Бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университеті (Қырғызстан), «Чикаго Университетінің медициналық орталығы» (Чикаго қ., США), «Sos Medical Saglik Turizmi Danismanlik Ticaret Anonim Sirketi University of Akdeniz» (Түркия), «Бохум Орыс Университетінің сусамыр және жүрек Орталығы» (Бад-Эйнхаузен қ., Германия), «Эге Университеті» (Измир қ., Түркия), «Медицинский Университет Инсбрук Медициналық Университеті» (Инсбрук қ., Австрия), «Gross Social Management & Education» (Хайфа қ., Израиль) медициналық ұйымдары арасында Меморандумдарға қол қойылды. 


«Әлеуетті арттыру және ауруларды диагностикалаудың және емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізу» 059 бюджеттік бағдарламасы


Құрамдас бөліктері:

«Негізгі клиникалық бағыттар бойынша шетелдік мамандарды тарту»
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы медициналық, ғылыми және білім беру қызметін біріктіреді. Орталық негізінде Қазақстан облыстарынан келген кардиохирургтар үшін жетекші отандық және шетелдік мамандар мастер-класстар, дәрістер курсы және операциялармен оқыту семинарларларын өткізеді.

«Озық клиникалық бағыттарды/технологияларды енгізу»

Жыл сайын берілген бағдарлама шеңберінде «ҰҒКО» АҚ негізінде шетелдік мамандар тәлімгерлік қызметтерін көрсетеді. Оқытудың мұндай түрі мамандардың кәсіби деңгейін, кәсіби дағдыларын, тәжірибесін, көрсетілетін қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді. Соңғы 4 жыл ішінде «ҰҒКО» АҚ-на алыс және жақын шетелден 57 тәлімгер (менторлар) тартылды. 

«Озық клиникалық бағыттарды/технологияларды енгізу» және «Денсаулық сақтау менеджерлерін халықаралық басқару технологияларына оқыту»

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ «Ауруханалық басқару саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу» 059 бюджеттік бағдарламасының «Озық клиникалық бағыттарды/технологияларды енгізу» және «Денсаулық сақтау менеджерлерін халықаралық басқару технологияларына оқыту» құрамдас бөліктері шеңберінде өз мамандарын оқыту бойынша жұмыстар жүргізеді. Жыл сайын Орталықтың дәрігерлері пайдаланылатын медициналық технологияларды жетілдіру және жаңа әдістерге үйрену мақсатында Түркия, Австрия, Литва Израиль және Чехияда тағылымдамалардан өтеді. Берілген бағдарлама шеңберінде басым клиникалық бағыттар бойынша 104 орта медициналық қызметкерлер және дәрігерлер оқыту курстарынан өтті.