• Каз
  • Рус
  • Eng
19.08.2016

Оташылар отандық медицина тарихында алғаш рет жүрек пен бүйректі бір мезетте ауыстырып салу отасын орындады

Астана, Қазақстан, 2016 жыл, 19 тамыз

              «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында» АҚ негізінде таңғаларлық оқиға орын алды. Дәрігерлер науқасқа бір мезетте екі мүшені – жүрек пен бүйректі ауыстырып салу отасын орындады. Бұл секілді әмбебап оталар бұған дейін тек АҚШ, Оңтүстік Корея мен Италия елдерінде ғана жасалатын. Енді міне аталмыш жаңалық қарыштап Қазақстанға да келіп жетті.
3 тамызда Жүрек орталығында оташылардың бір тобы ертеден кешке дейін ота бөлмесінде қызу еңбек үстінде болды. Алдымен кардиооташылар науқасқа жүрегін ауыстырып салды, бұдан соң Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының мамандары бүйрек ауыстыру отасын орындады. Науқас күйінің күрделілігі оған бір мезетте сәйкес келетін екі мүшені табуда болатын. Өзге жағдаяттарда бір мүшені ауыстыру оталарына қарағанда, бұл кезеңде отаға дайындық аса мұқият жүргізілуі тиіс. Науқасқа толыққанды өмір сүруіне қажетті жүрек пен бүйрегінің бірі ауыстырып салынды. Дәрігерлер аталмыш отадан соң науқастың үйреншікті өміріне толыққанды оралатынына сенім білдірді.
Жүрек пен бүйректі бір мезетте ауыстырып салу созылмалы жүрек жеткіліксіздігі мен бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастарды тиімді емдеудің мүмкін бағыттарының бірі болып табылады. Бір мезетте адамның бірнеше мүшелерін ауыстырып салу отасы әлемнің санаулы елдерінде ғана жасалады.
Аталмыш отаның орын алуы көп ретте отандық дәрігерлердің жоғары кәсіби деңгейі мен өз ісіне шынайы берілгендігінің нәтижесі ретінде көрінеді : №2 «ҰҒКО» АҚ кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі, кардиооташы дәрігер - Бекбосынов С.Т., ҰОТҒО оташы-дәрігері, трансплантолог - Құттымұратов Г.К, ассистенттер Асықбаев М.не оның этикалық түсінігінсіз мүмкін емес. Осы ретте Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілігіне қарасты ШЖҚ МКӨ «Облыстық ауруханасы» координаторларының келесі тобына : Ишин С.С., Великанов В.В., Грибкова И.В. шынайы алғысымызды білдіреміз. Донор болуға деген саналы және батыл шешім, адамдардың өзге тұлға өмірін сақтап қалуға деген жанкешті тілегі адамгершілік пН, Абдугафаров С.А, сол секілді ҚР әуе-санитарлық қызметінің жедел және ұйымдасқан жұмысының арқасында мүмкін болды. Мүшені ауыстырып салу отасының сәтті өтуі қоғамның қатысуы жәен өзгеге деген сүйіспеншіліктің айқын мысалы болып табылады. Донорлыққа келісім берген тұлға отбасысының шешімі жоғарғы құрметке ие екендігі сөзсіз.
Осы отаны жасауға мұрындық болған кардиооташы дәрігерлер тобын, кардиологтарды, анестезиологтар мен жан сақтау бөлімі дәрігерлерін, медбикелер, трансплантация координаторларын сәтті өткен отамен құттықтап, еңбектерінде жеңіске жете берулеріне тілектестік білдіреміз.
Аталмыш ота – адам өмірі үшін дәрігерлер қол жеткізген жеңістердің бірі екендігі айқын. Қазір отаны бастан өткерген 37 жастағы науқас - Напилов Амангелді отбасына оралды, науқастың күйі жақсы, қалыпты өмірге көндігіп келеді.
Сауатты ота, дәрігерлердің алтын қолдары мен ертеңгі күнге деген сенімнің таңғажайып нәтижелерге жетелейтіні айқын. Амангелдіге екінші өмір сыйлаған да сол таңғажайып екендігі сөзсіз.



Тiзiмге қайтару