• Каз
  • Рус
  • Eng
28.06.2016

Қазақстан емдеу барысындағы жүрекке операция жасауда алғашқы жаңа революциялық әдісті пайдалана отырып әлемдік қауымдастықтың назарын аударды

Астана, Қазақстан — 2016 жылғы 28 маусым.  
Медицина саласындағы жаңа технологияларды Қазақстан үнемі басқа елдерден үйренетін. 2016 жылғы 14 маусымда, Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында дәрігер Ю.В. Пя  және оның әріптестері, сонымен қатар танымал британдық дәрігер-кардиолог Майкл Мюллен мен медициналық өнертабыстардың авторы Энтони Ноблз жаңа әдісті пайдалана отырып, екі науқасқа  жасалған операция сәтті аяқталған сәттен бастап барлық жағдай  өзгерді. Адамдарға алғаш рет жасалып отырған, эндопротезді пайдаланусыз кардиалды, трансапикалды қол жеткізудегі осындай операция екі науқасты емдеу үшін пайдаланылды (https://www.dropbox.com/s/0npgbtbjxd3rf6x/TA%20Cases%20%28Press%20Conference%29.mov?dl=0). Аорталды жүрек қақпақшасын ауыстыруды қажетсінетін науқастар мамандар тобына соғып тұрған жүректегі қақпақшаны сәтті орналастыруға мүмкіндік берген HeartStitch трансапикалды процедурасынан өтті. Науқастарға операция сәтті өтті және  ешқандай асқынусыз ауруханадан шығарылды. Мұндай әдіс маңызды операцияларды ашық жүрекке операция жасау арқылы емес жүрекке теріден тыс, қабырғалар арасындағы шағын тесік арқылы орындауға мүмкіндік береді.

Келешекте бұл технология дүние жүзінде мыңдаған өмірлерді құтқарып қалу мүмкіндігін тудырып отыр. Және де тарихта алғашқы рет Қазақстанда пайда болған медициналық технология басқа елдерде қолданыста болады.

Дәрігер Пя, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы осы оқиғаға келесі түсініктеме берді: «Әлемде жалпы хирургия аз инвазивті емдеу әдістері бағытында дамып келе жатыр. Бұл тәсіл пациенттер үшін орайлылау және жүзеге асыру үшін қиынырақ болып табылады. Біздің табыс осы мақсатқа жетуде маңызды үлес қосады, және де дүние жүзіндегі медициналық қоғамдастықта өте оңды болып қабылданады. Мен біздің табысқа өте ризамын және осы зор мақсатты іске асыруға қатысқан өзімнің командама және HeartStitch-тағы әріптестеріме алғыс айтамын».

Дәрігер Майк Мюллен, Бартса, Лондон, кардиологиялық клиникасындағы кеңес беруші кардиолог, HeartStitch, Inc. компаниясының бас дәрігері: «Мен мұны жүректің құрылымдық ауруларын емдеу саласындағы технологиялардың жаңаша ағымы деп ойлаймын. Науқас жүрегінде жаңа механикалық құрылғылардың көмегінсіз  жаңа ашық операциялық техникаларды модельдеу жолымен инвазивтілігі төмен әдісті пайдалану мүмкіншілігі әрқашанда қолайлы, алайда қолдан келу күрделі шешім болмақ. Дегенмен жаңа ұсынылған технология дәл осыған қол жеткізді. Келесі жыл бойына біздің алдымызда адамдардың өмірін құтқару үшін жүрекке опреациялар жасау барысында оларды кардиологтар  пайдалана алатындай осы әдісті және құрылғыны пайдалану техникасын жетілдіру мақсаты тұрады.      

Осы күнгі оқиғаға әзірлемелерді өткізу және инновацияларды тестілеудегі ұзақ жол әкелді. Бір жыл ішінде Орталықтың дәрігерлері HeartStitch, Inc (Қазақстанда Назарбаев Университетімен және Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықпен  ынтымақтаса отырып жұмыс істейтін медициналық құрылғылар өндіруші-компания) инженерлерімен табиғи жағдайларда клиникаға дейінгі зерттеулер, сынақтар жүргізуде және Қазақстанда және шетелде Астана, Лос-Анджелес (АҚШ), Цвиккау (Германия) және Париж (Франция) зертханаларында өнімді тестілеу кезінде иық тіресе еңбектенді. Inc.-тың Қазақстандағы филиалдың инженерлері құрылғының дайын бөлшектерін жасауда жұмыс істеді. Олардың бірі инаугурационного сынып Назарбаев Университетінің Инженерия мектебінің инаугурациялық сыныбының түлегі Ерқанат Нұрмаханов болып табылады. Оның осы және бірқатар басқа жобаларда қолданылған өнертабыстары халықаралық және қазақстандық патенттер үшін негіз құрайды.



Шигео Катсу, Назарбаев Университеті Президенті:
«Бұл технология кардиологтарға инвазивтілігі төмен процедуралардың көмегі барысындағы апекс арқылы жүрекке қол жетімділікке ие болуға мүмкіндік береді. Апекске қол жетімділік хирургиялық тігіс салу арқылы ғана жабылады (сонымен бірге жүрекке қандай да бір құрылғы орнату талап етілмейді). Бұл технологияны кеңінен пайдалану арқылы әлемде мыңдаған адамдар жүректің құрылымдық ауруларын емдеу мүмкіндігіне ие болады. Құрылымдық жүрек терапиясының ағымдағы әдістері науқасқа ашық жүрекпен операцияға өтуге мүмкіндік береді немесе оларға медициналық жақындау сан көк тамырлары арқылы қол жеткізуді жүзеге асырумен шектеледі. Технологияны адамдарда бірінші пайдаланған күні инновациялық құрал Қазақстанда екі адамның өмірін құтқарды, ол адамдар қазірде сауығуға бет алды».  

Энтони Ноблз, Басқарма төрағасы, Бас директор және HeartStitch, Inc. бас дәрігері: «Бұл біздің барлығымыз үшін тарихи күн, біз өзіміздің жаңа технологияларымызды адамдарға бірінші рет пайдаланған кезде біз үшін тек осы науқастардың өмірі ғана емес сонымен бірге осы әдіспен  адамдардың өмірін құтқарып қалу үшін сенім артылатын мыңдаған науқастардың өмірін құтқару сенімі артылатындығын сезінеміз. Ғалымдар үшін адам өмірін құтқару мүмкіншілігінен де оның жұмысының мойындалуынан артық ештеңе жоқ. Бизнесмендер ретінде біз бұл технологияның Қазақстан азаматтарына, әзірлемеге қатысушы біздің серіктестерімізге тигізген әсерін мақтан тұтамыз. Бұл аталған технологияның Қазақстанда және АҚШ тағы шынайы өмірде іске асырылуындағы қатысушы дәрігерлердің, инженерлер мен ғалымдардың тамаша дарындары мен кәсіптік дағдыларын жариялаудың таптырмас мүмкіншілігі. HeartStitch TA (http://www.heartstitch.com/heartstitch-ta/) әлемдік ынтымақтастықтың айқын үлгісі болып табылады. Мен өзім әлемдегі ең үздік хирургтердің бірі деп дәрігер Пямен жұмыс істеу мүмкіндігі утындағаны үшін тағдырыма өте ризашылық білдіремін. Біз осы тарихи сәт қазақстан үшін әлемге медициналық инновациялардың тек қана орын алып қана қоймай дами беретіндігін және жаңа индустрия қалыптастыратындығын айтуға мүмкіндік туғызып тұрғандығына сенім артамыз».

Бұл күн HeartStitch, Inc. және Назарбаев Университеті кардиологиялық орталығындағы тарихи күн болып табылады. Мұндай өнертабыс кардиология саласында революция жасау мүмкіндігіне ие болады. Трансапикальды  қол жетімділік әдісі бұрындары көптеген науқастарға қол жетімсіз болған медициналық жәрдем түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді және қолданыстағы технологияның деңгейімен салыстырғандағы медициналық жәрдем сапасын жақсарта алады. Болашақта кардиологтардың осы әдісті жүйелі түрдегі пайдалануы шеңберінде әр адам оның Қазақстанда әзірленгендігін есте тұтатын болады.

Назарбаев Университетін Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев құрды және education, research and innovation 2010ж. ашылды.

Университет білім, ғылыми зерттеулер және инновациялар салаларын біріктіре отырып әлемге танымал зерттеу университеті ретінде құрылуға бағытталған. ҒУ Қазақстан Республикасы көшбасшыларының жаңа буынын ғылым, мемлекеттік басқару, медицина және әртүрлі бағытарға оқытады және сол арқылы еліміздің болашақтағы дамуына ықпал етеді. ҒУ елдегі инновациялар саласындағы жетекші оқу орындарының бірі болуға әрекет етеді, мұның арқасында Астана  инновациялардың аймақтық орталығына айналмақ. ҒУ өз айналасында  оқу аудиторияларының қабырғасында, инновациялық коммерциялық өнімдерде туындайтын зерттеулер мен қызықты идеяларды қалыптастыратын инновациялық кластер және динамикалық эко-жүйені құрады. Мұндай кластердің табыс факторларының бірі халықаралық және ұлттық жоғары технологиялық кәсіпорындарды ҒУ ғылыми қызметіне және Астананың іскери саласына тарту болып табылады.

Назарбаев Университеті туралы неғұрлым толығырақ ақпарат алу үшін www.nu.edu.kz сайтына кіріп шығыңыз.


Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық  медициналық қызметтер мен сапасы жоғары сервис ұсынатын Орталық Азиядағы хирургия саласындағы жетекші компания болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2011 жылы 12 қазанда құрылған.
Орталықтың  негізгі  клиникалық бағыттары:
- Туа  біткен және  жүре пайда  болған жүрек ақауын;
- Жүректің  ишемилық ауруын;
- Жүрек  функциясының созылмалы  жетіспеушілігін;
- Жүрек  ырғағының бұзылуын емдеу.


Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық   туралы неғұрлым толығырақ ақпарат алу үшін www.heartcenter.kz сайтына кіріп шығыңыз немесе «ҰҒКО» АҚ өкілі Асель Мажибаевамен, тел 8 (7172) 70 31 59, электрондық пошта мекен-жайы mazhibaeva@mail.ru , хабарласыңыз.

HeartStitch® Inc. компаниясы бұл идеясы құрылымдық түбегейлі технологиялар саласындағы нарықта өз технологияларын тиімді пайдаланумен тұжырымдалатын, профессор Энтони Ноублспен іргесі қаланған. HeartStitch® құрылымдық жүрек ақаулары және басқа да тамырлы құрылымдар дың тігісті пластикасын қашықтан орындауға арналған инновациялық тігісті  жүйелермен шоғырланады.

Қазіргі сәтте HeartStitch лицензиялар бойынша кардиоваскулярлық тігіс салу және ашық сопақ терезені жабуға арналған NobleStitch EL құрылғысын сатумен айналысады. HeartStitch Калифорния, Қазақстан және Германиядағы инновация әзірлеушілердің өзіндік халықаралық тобының көмегімен жаңа құрылымдық кардиотехнологиялар әзірлейді.

HeartStitch® TA АҚШ та тамыр тігістеріне арналған FDA бекітілген (Америка азық-түлік  өнімдері мен дәрілік препараттардың сапасына санитарлық қадағалау жасау басқармасымен) медициналық аспап.

HeartStitch® туралы неғұрлым толығырақ ақпарат алу үшін www.HeartStitch.com
сайтына кіріп шығыңыз.

HeartStitch®  бұл-HeartStitch, Inc  тіркелген сауда белгісі болып табылады.

HeartStitch® TA тігістерді кардиальды салу, трансапикалды қол жетімділік және жабу үшін қолданылады.
АҚШ бір немесе бірнеше №  5860990, 6117144, 6245079, 6551331, 6562052, 6733509, 7004952, 7090686, 7803167, 8197497, 8348962, 8469975, 8496676, and 8709020 патенттерін қоса алғандағы АҚШ патентіне және халықаралық патентке сәйкес қолданылады.
HeartStitch® MR тігіс салу және анатомиялық қақпақшаны орнату үшін қолданылады.
АҚШ бір немесе бірнеше №  5860990, 6117144, 6245079, 6551331, 6562052, 6733509, 7004952, 7090686, 7803167, 8197497, 8348962, 8469975, 8496676, 8709020, and 8771296 патенттерін қоса алғандағы АҚШ патентіне және халықаралық патентке сәйкес қолданылады.

NobleStitch™ EL ашық сопақша терезені жабу үшін қолданылады.
АҚШ бір немесе бірнеше патенттерін қоса алғандағы АҚШ патентіне және халықаралық патентке сәйкес қолданылады.
№   5860990, 6117144, 6245079, 6551331, 6562052, 6733509, 7004952, 7090686, 7803167, 8197497, 8197510, 8246636, 8348962, 8372089, 8469975, 8496676, 8709020, and 9131938.



Тiзiмге қайтару