• Каз
  • Рус
  • Eng
14.09.2015

Алғаш рет Орталық Азияда

2015 жылы қыркүйектің 14-інен 18-іне дейін Астана қаласында, алғаш рет Орталық Азияда, Клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмология жөніндегі халықаралық мектеп өз есігін ашты.
Осы мектеп қатысушылары болып ТМД елдерінен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан), сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірлерінен келген дәрігерлер болды.
Мектептің бағдарламасы өте мазмұнды және Германиядан, Чехиядан, Түркиядан, Ресей мен Қазақстаннан келген профессор Mesut Demir, профессор Rainer Helmut Christian Schräder, Lucie Hanyasova, профессор Сергей Попов, Сергей Криволапов, профессор Юрий Пя және тағы басқалар сияқты спикерлердің дәрістерін қамтиды.
Мектептің бірінші күні Басқарма төрағасы Пя Юрий Владимирович сәлем беріп сөз сөйледі. Одан кейін аритмологиялық қызметтің негізін қалау мен қалыптастырудың қайнар көзінде тұрған ТМД елдерінің көрнекті мамандары сөз сөйледі.
Сонымен қатар экспонаттардың көрмесі ұйымдастырылып, онда Орталық Азиядан, Қазақстанның өңірлерінен келген қонақтар мен қатысушылардың, сондай-ақ резиденттердің жаңа медициналық жабдықтармен танысып, қазақстандық дәрігерлердің аритмология саласындағы соңғы жетістіктерін көруге мүмкіндіктері болды.

Тiзiмге қайтару