• Каз
  • Рус
  • Eng
17.04.2014

«Ағзалар донорлығы – тарансплантологияның басымды мәселесі»

2014 жылдың 17 сәуірінде «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ базасы негізінде практикалық денсаулық сақтау мамандары үшін «Ағзалар донорлығы және трансплантация. Трансплантациялық үйлестіру негіздері» тақырыбы бойынша республикалық оқыту семинары өз жұмысын бастайды.

Осы іс-шараға ҚР ДСМ тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Мағрипа Ембергенова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя., Трансплантация бойынша Республикалық үйлестіру орталығы басшысы Жақсылық Досқалиев., және трансплантталған ағзалары бар емделушілер және ағзаны орнатуда мұқтаж емделушілер де бар.

Бүгінгі күнде Қазақстанның денсаулық сақтау деңгейі «ағза және тіндер трансплантациясы» бейіні бойынша тұрғындарға жоғары технологиялық қызметтерді көрсетуге септігін тигізеді. Мемлекет трансплантация және реципиенттердің келешектегі оңалтуы бойынша операцияларды жүргізуде шығындарды толық қаржыландырады. Жыл сайын ағза донорлығын орнату бойынша жүргізілген операциялардың саны өсуде. Соның ішінде бас миының қайтымсыз өлімі бар емделушілер де бар. Тек ҰҒКО АҚ-да соңғы екі жыл ішінде донор ағзаларының үш сәтті трансплантациясы өтті.

Мұнымен қоса, өмідік маңызды ағзаларының терминалды жетіспеушілігі бар науқастар үшін операциялардың қолжетімділігі төмен болып табылады, біріншіден, тұрғындардың сауатсыз болуынан, және дәрігер мамандардың білімнің жетіспеушілігінен болуы мүмкін.

Семинар донорлық және трансплантация, трансплантациялық үйлестіру, диагностка және бас миының қайтымсыз өлімі констатациясы, ағзаның әлеуетті донорының кондиционирлеуі, сонымен қатар, туыстармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық ерекшеліктері, қажетті құжаттаманы жүргізу аясында әрекеттегі заңнама негіздеріне өңір және республикалық клиникаларды оқыту мақсатымен жүргізіледі.

Мультитәрптіптік сала ретінденгі трансплантология спецификасы өзара тиімді әрекетті және барлық мамандықтар дәрігерлерінің интеграциясын және анестезиолог реаниматолог, және трансплантолог мамандардың өзара әрекетін талап етеді.

Халықаралық практикаға сәйкес, осы салада үлкен мән «реанимация бөлімшесі – трансплантация орталығы» технологиялық байламда реттегіш буын ретінде трансплантациялық үйлестіру ұйымына беріледі.

Осы уақытта, әр өңірде облыстық орталық жанында өңірлік трансплантациядлық үйлестірушілердің лауазымдары енгізілді. Олардың функцияларына ағза донорлығы және трансплантация ағзасын келешекте дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру кіреді және біріншіден - бас миының өлімі бар және РКЦТ ақпараттандырылуы бар емделушілерді дер кезінде анықтау болып табылады.

Құрметті әріптестер! Семинарға қатысу сұрақтары бойынша мына байланыс телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз: 8 (717-2)-70-31-39, 8 705 254 3772. 


Тiзiмге қайтару