• Каз
  • Рус
  • Eng
24.01.2014

«Нұр Отан» партиясы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жанындағы филиалының ашық партия жиналысы


Өткізілетін орны: Астана қ., Тұран даңғылы,38 «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ мәжіліс залы

Өтетін мерзімі: 24 қаңтар 2014жыл, сағ.15.00

Ұйымдастырушы: «Нұр Отан» партиясының «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жанындағы филиалы

Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ міндеттерін айқындау және талқылау.

Ашық партия жиналысы «Нұр Отан» партиясы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жанындағы филиалының Төрағасы, профессор Ақшолақов Серік Қуандықұлының төрағалығымен өтеді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ міндеттері туралы» тақырыбы бойынша «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Төрағасының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Бақтыбаева Ботакоз Маташқызы баяндама жасайды.

Іс-шараға «Нұр Отан» «Нұр Отан» партиясы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жанындағы филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Есіл ауданының әкімдігі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ еншілес ұйымдарының басшылары және қызметкерлері қатысады.

Аккредитация бойынша тел. 36-82-77.

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының Баспасөз қызметі


Тiзiмге қайтару