• Каз
  • Рус
  • Eng
28.11.2013

Жаңа өмірді сыйлағаны үшін алғыс білдіреміз

2012 жылы Қазақстанда алғаш рет Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында донордық жүректі трансплантациялау жасалды. 46 жастағы әйелдің жүрегі бір жылдан астам уақыт бойы Жәнібек Успановтың кедесінде соғылуда.

2013 жылдың 07 қарашасында Қазақстан кардиохирургиясында маңызды жаңалық - бұл донорлық жүректі екінші рет сәтті транплантациялау болды.

Алғаш рет донорлық жүрек үлкен қашықтықтан - Алматы қаласынан Астана қаласына TransMedics (АҚШ) атты бірегей медициналық жабдықпен тасымалданды. Бұл жабдық әлемнің үш жетекші клиникаларында қолданылады – АҚШ, Австралия, Германия, енді Қазақстанда да бар.

Бұл отандық медицинадағы маңызды жаңалық.

2013 жылдың 26 қарашасында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында соңғы үлгідегі жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау (LVAD) 100 пациентке операция жасалды.

Осындай үлгідегі операциялардың біздің елімізде бірнеше жыл бұрын жасалмағандығын көзге елестету қиын.

Қазақстандағы кардиохирургиялық қызметтің деңгейі, соның ішінде ҰҒКО клиникасының деңгейі Оскар Фрейзер тәрізді әлемдік мамандардың көзқарасы бойынша бағалауға болады: «Мені Сіздердің кардиохирургиялық клиникаңыздың заман талабына сай екендігін байқадым, Сіздердің кардиохирургия саласындағы мамандарыңыз өз жұмыстарына жауапты. Мен осы Орталық мамандарының бірнеше операцияларына қатыстым, нәтижесінде Орталық операцияларының сәттілігіне көзім жетті. Мен мұндай деңгейді күтпедім – бұл кейбір еуропалық елдердің деңгейінен жоғары болып шықты. Қазақстанда кардиохирургияның қарқынды дамуына көзім жетті, бұл реанимациялық және операциялық бөлімшелердің жабдықталуы деңгейі бойынша жас кардиохиругтардың дайындығынан көруге болады».

Мұның барлығы Қазақстан Республикасы Презиенті Н.Ә. Назарбаев және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің салиқалы саясатының және «Саламатты Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асуының арқасыныда мүмкінді болды.

Біздің еліміздің азаматы Болат Исаевтың өмірін құтқару бойынша операция бірнеше клиникалардың орныққан жұмысының арқасында мүмкінді болды: Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы, Трансплантация бойынша Республикалық үйлестіру орталығы, Санитарлық авиацияның Республикалық үйлестіру орталығы және Алматы қаласының қалалық клиникалары өкілдері пресс-конференцияға қатысады..


Анықтама

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ (бұдан әрі - Орталық) орталық азия өңірінде медициналық қызмет ету және сервис деңгейі мен сапасы бойынша ғылыми білім беру қызметінің отандық және әлемдік танылуы бар, қуатты кадрлық әлеуеті бар, тиімді корпоративті және бизнес бағытталған басқаруы бар жетекші кардиохирургиялық орталық болып табылады. Орталық заман талабына сай кардиология, кардиохиругия, интервециялықұ кардиолонгия бағыттарын біріктіреді, және ересектемен қатар балалаға да көмек көрсетеді.

Пресс-қызмет «Ұлттық ғылымим кардиохирургия орталығы» АҚ

Тел: +7172 703159

E-mail: cardiacsurgery.kaz@gmail.com

Веб-сайт:http://www.cardiacsurgery.kz

Мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тұран, 38 даңғылы.


Тiзiмге қайтару