• Каз
  • Рус
  • Eng
14.11.2013

ӨМІРДІ САҚТАУ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯ

«ҰҒКО» АҚ басшысы  Ю.В. Пя  басшылығымен 7 адам құрамындағы мамандар бригадасы  санаавиация  бағыты  бойынша  Алматы  қаласына  ұшып шықты.

Донорлық жүрекке  ұшу  уақытынан бастап «ҰҒКО» АҚ мамандары  донорлық жүректі  мүмкінді орнату үшін сәйкес  келетін реципиентті  таңдау  бойынша  жұмысты  бастады.

Көптеген тексерістерден кейін барлық медициналық өлшемдер бойынша сәйкес келген реципиент  соңғы  алты   ай  бойы  ауыр халде  болған Алматы  қаласы тұрғыны болып шықты.

Жүректі  тасымалдау Organ Care System (TransMedics, АҚШ) атты бірегей   медициналық құрал-жабдықтың арқасында жүзеге асырылғандығын атап өту  қажет. 

Осы жүйе   АҚШ, Австралия, Германия  сияқты  әлемнің  белгілі  клиникаларында  қолданылып келеді, енді   міне  Қазақстанда  да қолданылуда, бұл өз кезегінде  біздің  еліміздің  аумақтық ерекшелігі  үшін маңызды:  ұлан-байтақ аудан, тұрғындардың  төмен тығыздығы, емделушілердің  әкімшілік орталықтар мен   т.б. маңызды шалғай  алшықтығы. Және де  республикалық  клиникалардың қалыптасқан жұмысын атап өту  қажет:

-Ұлттық ғылыми кардиохирургия  орталығы, Астана қаласы;

-А.Н. Сызғаноа ат.  Ұлттық ғылыми хирургия  орталығы, Алматы қаласы;

- Республикалық трансплантация  бойынша үйлестіру  орталығы және  қалалық клиникалар,  Алматы қаласы:

- Жедел жәрдем медициналық көмек  ауруханасы;

-  №7 қалалық клиникалық аруханасы;

Сонымен қатар,  Санитариялық авиацияның Республикалық үйлестіру  орталығы да  бар. Бас миының қайтымсыз өлімінің  констатациясы бойынша,  трансплантациялық үйлестіру бойынша,  донордың  кондиционирлеуі және сәйкес келетін реципиенттерді іздеу  бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

Донорық жүрек  Астана  қаласына  7 қараша күні  сағат 10.00- де  жеткізілді. Алматы  және  Астана қалалары  бойынша   кедергісіз бағыт жол  полициясы қызметкерлерінің  жедел жәрдем каретасының сүйемелденуінің арқасында жүзеге асырылды. Донорлық жүректі  орнату  боынша  операция сәтті  өтті. Бүгінгі  таңда  емделуші  жағдайы  тұрақты. Адам  өмірін  сақтау  үшін осы екі  күн ішіндегі  еліміздің  арнайы  қызметтері  бріктіріліп,  және  де  бірыңғай  тұрақты  қалыптасқан механизм сияқты   әрекет етті. Қазақстан Республикасынң Президенті  Н.Ә. Назарбаев саясатшысының арқасында  «Саламатты  Қазаұстан» атты  мемлекеттік  бағдарламаның  бар болуының арқасында  Өмірді  сақтап қалу бойынша   операция  сәтті  өтті.

 

Анықтама 

 

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия  орталығы» АҚ  ғылыми-білім беру  қызметінің  отандық және  халықаралық танылуы  бар,  қуатты  кадрлық әлеуеті  бар,  тиімді  корпоративтік және  бизнес бағытталған басқаруы  бар  медициналық қызмет ету  мен сервис  және  сапа мен деңгейдің  әлемдік стандарттарына сәйкес  келетін Орталық-азия  өңірінде   белгілі  кардиохирургиялық оралықтардың  бірі. Орталық заман талабына  сай  кардиология, кардиохирургия, интервенциялық кардиология бағыттарын біріктіреді  және  де  ересектер мен балаларға көмек көрсетеді. Орталық Назарбаев Университеттің ғылыми және  білімдік  базасы  болып табылады.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ пресс-қызметі

Тел: +7172 703159

E-mail: cardiacsurgery.kaz@gmail.com

Веб-сайт:http://www.cardiacsurgery.kz

Мекен-жайы : 010000, Қазақстан Республикасы,  Астана қаласы., Тұран

38 даңғылы.


Тiзiмге қайтару