Біз туралы БАҚ
Балаларға бірге көмектесеміз
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде 2013 жылдың 31 мамырында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (Астана қаласы) жеңімпаз бен қатысушыларды марапаттау рәсімімен «Үміт сәулесі Подари надежду» балалар шығармашылығы жұмысының Республикалық байқауының қорытындысы жүргізіледі.
Шақырылған қонақтар арасында республикаға танымал атақты адамдар, және донор ағзасының трансплантаттауынан өткен науқастар да бар. Мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Балалар жұмысымен 2013 жылдың 30 мамыры мен 01 маусым аралығында Астана қаласы, Тұран 38 мекен-жайы бойынша орналасқан Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында көрмеде танысуға мүмкіндігіңіз бар.
Байқау 01 мамырдан басталды, ол республикада алғаш рет өткізілуде, және балалардың ағза және тін трансплантаттауы мен донорлығы мәселесіне арналған.
Байқауға қатысу үшін 100-ден астам балалар жұмысы түсті, соның ішінде Астана және Алматы қалаларының республикалық клиникалары – Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының науқас балалары да хат жазды.
Байқау бастамашысы болып «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығымен бірлескен «Нұрлы қоғам» АБ болып табылады.
Байқауды өтткізудегі демеушілік қолдауды Астана қалсының «Әкелер одағы» мен «Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестіктері және Астана қаласының жас суретшілердің Бірлестігі көрсетті.
Акцияның мақсаты қоғам назарын аударту, ағза және тіндерді ауыстыру бойынша опрерацияларға мұқтаж балаларға көмектесу тілегі негізінде ел азаматтарын біріктіру. Тек жалпы ерік-жігерімен біз балалардың сауықтырылуына көмектесе аламыз, оларға жаңадан өмір сүруге мүмкіндік бере аламыз.
Осы уақытта республикада ағза және тіндерді трансплантаттауда 7 мыңға жуық адам мұқтаж. Жыл сайын 40-тан астам бала сүйек миын ауыстыруы қажет. Бүйрек ауыстыруын Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында республика өңірінен 27 бала күтуде. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жүректің шұғыл трансплантаттауында 1-18 жас аралығында 4 бала мұқтаж. Донор ағзасы мен тіндердің күрделі тапшы болуынан, олардың көпшілігі операцияға жетпей, қайтыс болады.