Жаңалықтар
Сіздің жүрегіңіз сенімді қолда!
08.04.2019
3-6 сәуір аралығында АҚШ, Орландода Жүрек және өкпе трансплантациясының Халықаралық қауымдастықтың 39-шы жыл сайынғы отырысы және ғылыми сессиясы (ISHLT) өтті. Бұл ұйым осы салаға 50 елдердің мамандарын біріктіре отырып, зерттеулермен, білім берумен, клиникалық нұсқаулықтарды жасаумен айналысатын дүниежүзіндегі ірі ұйым болып табылады. Кездесу «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ (бұдан әрі – Жүрек Орталығы) дәрігерлерінің қатысуымен өтті. Сессиядағы негізгі сәттердің бірі Жүрек Орталығының қан айналымын механикалық сүйемелдеу саласындағы революциялық жетістігінің презентациясы болып табылады.
Былтырғы жылдың желтоқсан айында қазақстандық дәрігерлердің командасы Юрий Пяның жетекшілігімен Чехиядан, Израилден, Италия мен АҚШ-тан келген серіктестермен бірлесе отырып, қанайналымының толық имплантацияланатын қосымша құрылғысын имплантациялау бойынша бірегей операцияны сәтті өткізді (FIVAD). Бұл емделушілерге қуат көзіне тікелей қосылусыз өмір сүруге мүмкіндік берген дүниежүзіндегі ең алғашқы құрал болып табылады.
ISHLT қауымдастығы Жүрек Орталығы командасының осы жетістігін кардиохирургияны дамыту саласындағы «жаңашыл», «жаңа көкжиектерді ашатын» және «тарихи оқиға» деп жоғары бағалады.
Жүрек Орталығы кардиохирургтарының жетістігін шетелде, әсіресе жүрек және өкпе трансплантациясының халықаралық қауымдастығында жоғары бағалады. Дәрігерлер жүректің қосымша құрылғысы жүйесі емделушілерге емін-еркін жүруге мүмкіндік беретін қазіргі уақыттағы ең қауіпсіз болып табылады деп атап өтті. Сыртқы жабдықтардың болмауы (кабельдер) инфекцияларды жұқтыру және асқынулар қаупін барынша төмендетіп, сонымен қатар өмір сүру сапасын айтарлықтай жоғарылатады.
Халықаралық овациялар дүркіреп, кардиохирургтар Қазақстанға қайтып оралды. Бүгін 7 сәуір күні таңертең – Дүниежүзілік денсаулық күнінде ұшақ елорданың әуежайына қонды. Осы оқиғамен бірге Жүрек орталығына Солтүстік Қазақстаннан жүрек және өкпенің доноры пайда болды деген ақпарат келіп түсті. Дәрігерлер ұшақтан түсе салып, клиникаға жол тартты. Жүрек Орталығында оларды шұғыл ауыстыруды күтіп отырған екі жағдайы ауыр емделуші күтіп жатқан болатын. Емделушілердің бақытына орай екі операцияда сәтті өтті. Жүректі ауыстыру бойынша операцияны 54 жастағы ер адамға Юрий Владимирович Пя өткізді, ал 40 жастағы әйелге өкпе трансплантациясын кардиохирургия бөлімшесінің басшысы Лесбеков Тимур Достайұлы өткізді, емделушілердің жағдайы тұрақты.
Жүрек Орталығы және Қазақстандағы барлық кардиохирургия қызметі үшін 7 сәуір күні елордада ашық жүрекке жасалған алғашқы операцияға 15 жыл толуымен айтулы күн болып табылады. Ал осындай күні не маңызды .... ? Тек қана құтқарылған өмірлер!