Жаңалықтар
COVID-19: Қазақстанда 15 мыңға жуық симптомсыз науқас бар
29.06.2020
Оның айтуынша, елімізде коронавирус жұқтырған, алайда індеттің белгісі жоқ науқастар да тіркеліп жатыр.
"Қазіргі таңда біз симптомсыз науқастардың статистикасын жүргізіп отырмыз. Бүгінде 15 мыңға жуық адам аурудың симптомсыз формасымен және шамамен 2 мың науқас аурудың жеңіл түрімен ауруды өткеріп жатыр. Қазіргі таңда бақылаудағы симптомсыз науқастардың саны 12 мыңнан асады. Мұндай талдауды күн сайын жүргізіп жатырмыз. Тиісті ақпарат күнде еліміздің барлық медициналық амбулаториялық мекемесіне түсіп жатыр", - деді дәрігер орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, Махаббат Бекбосынова «Коронавирус инфекциясының белгісі байқалмайтын адамдар ем алуы керек пе?» деген сұраққа жауап берді.
"Қандай да бір скрининг уақытында немесе жақын байланыста болған адамда аталған вирус табылды делік. Ал сол кезде денсаулығында еш мәселе болмаған адамды емдеу қажет пе? Менің ойымша, дәріні нақты белгілері бойынша ғана қабылдау қажет. Аурудың жеңіл түрі кезінде ыстық түсіретін дәрі ішкен дұрыс. Дене қызуы көтерілген уақытта тек қана парацетомол пайдалануға кеңес беріледі. Егер адамда өкпе қабынуы болса, демек бұл симптомсыз түрі емес. Бұл клиникалық түрі және бұндай кезде дәріні дәрігер жазып береді", - дейді ол. Махаббат Бекбосынова өкпе қабынуы асқынып кеткен ауру белгілері жоқ пациенттердің шамамен үш пайызы стационарға жатқызылатынын айтады. Оның сөзінше, өкпе қабынуы 7 күннің ішінде белгілі болады. Ал одан кейін дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда бола бастайды. "Әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. 7 күннен кейін де өкпе қабынуы белгілері пайда болып жатады. Өкпе қабынуы белгілері байқалған кезде міндетте түрде микротромбылардың қалыптасуын бақылайтын бактерияға қарсы терапияға қосылу қажет. Меніңше, бұл өте дұрыс тәсіл. Себебі, өкпе қабынуының алғашқы сатысындағы пациент бақылауға алынып, емделе бастайды", - дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы төрағасының бірінші орынбасары.
Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша елімізде жалпы ауру белгілері жоқ тасушылардың саны 13560-қа жетті.