• Каз
  • Рус
  • Eng
11.11.2013

Отандық дәрігерлер күрделі ота жасауға қауқарлы

Мына сіз бен біздің денсаулығымыздың 17 пайызы ғана Денсаулық сақтау министрлігіне байланысты екен. Қалғаны генге немесе әрбір адамның өмір сүру дағдысына байланысты.

Сол үшін салауатты өмір салтын насихаттауда жұмыла жұмыс істеуміз керек. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Министрлік Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін арнайы іс-жоспар бекітіп үлгерген.

Маман тапшылығын шешу үшін министрлік облыс әкімдерімен меморандумға қол қойыпты. Онда ауылға барған жас дәрігердің жалақысына 25 пайыз үстемақы қосу мен баспана мәселесін шешу жүктелген.

Биыл 3 мың дәрігер диплом алса, алдағы жылдары түлектердің саны 5 мыңға дейін жетеді. Сондай-ақ, Ұлттық медициналық холдингке қарасты үш орталық халықаралық «JCI» сертификатына қол жеткізді. Бұл медициналық туризмнің дамуына сеп болмақ.

Кеннет Әлібек, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы:

Бір қызығы, бізге кардиохирургиялық ота жасатуға АҚШ-тан, Батыс Еуропа елдерінен науқастар келеді. Алдыңғы күні кешкісін кардиохирургия орталығының басқарма төрағасымен сөйлестім. Ол маған жаңа ғана Египет шейхтарының біріне операция жасап болдым дегенді айтты. Яғни, Таяу Шығыстан науқас инфаркт алып, Астанаға ұшып келген. Бұл бізге білдірілген үлкен сенім деген сөз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

http://kaztrk.kz/kaz/medicine/Otandik_darigerler_kurdeli_ota_zhasauga_kaukarli_id1391008381.html

Тiзiмге қайтару