• Каз
  • Рус
  • Eng
12.12.2013

Заманауи технологиялар кардиохирургия саласында да жемісті пайдаланылуда

Операция үстелінде жатқан 5 жасар Еркебайдың сырқаты туабітті пайда болды. Жүрек қалқанындағы ақаулық салдарынан, қан айналым жүйесі дұрыс жүмыс жасамады. Бүлдіршіннің жұдырықтай жүрегі операция кезінде уақытша соқпай қалады. Дәрігерлер ақаулықты синтетикалық материалмен жабады. Нәтижесінде бала жүрегі жаңа күшпен, жаңа серпінмен дүрсілдей жөнелді. Дәрігерлер операцияның сәтті өткенін айтып, ата-анасын қуантты.

Берік Қасымов, Медициналық орталықтың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі:
-Бәрі сәтті шықты, қазір баланы реанимацияға аударамыз, ары қарай бұл балада 1-2 жылдан кейін, бәрі қалыптасқаннан кейін туабіткен ақаулық деген диагноз алынады.

Бала үшін бар қауіп артта қалды. Туабітті ақаулық жойылды. Еркебай енді сауығып, күш жинайтын болады. 1 аптадай дәрігерлердің бақылауында болады.

Гүлзира Тәжімұратова, Еркебайдың анасы: 
-Елбасымызға рахмет, біздердей көп балалы отбасына квота бөліп, мынандай жәрдем істеп жатқанына. Қала берді дәрігерлерге алғысымды айтамын, дами берсін, Қазақстаным!

Ақтөбенің кардиохирургия саласындағы тағы бір инновация – жүрек жетіспеушілігімен зардап шегетін сырқаттарға торайдың биоматериалынан қалқанша жасау. Осындай қондырғы 19 жастағы студент Жәния Нұрллинаға орнатылған. Бұрыңғы спортшы қыз тұмаудан толық емделмей, салдарынан жүрек ауруына шалдыққан. Қазір жағдайы жақсы, тәуір болып кетті.

Жәния Нұрлина, Кардиохирургия орталығының емделушісі: 
-Мен ең алдымен біздің Президентімізге үлкен рахмет айтқым келеді, осындай кардиоорталытың ашылғаны үшін. Дәрігерлеріме алғысым шексіз, олар өмірімді сақтап қалды. Олар бар жағдайымды жасады, биологиялық материал орнатқаннан кейін мен болашақта сәби сүйе аламын.

Елдегі кардиохирургия қызметін дамыту жөнінде стратегиялық маңызды құжат Елбасы Жолдауында да айтылды. Бұл орталықтың басты мақсаты – барлық азаматтарға қолжетімді медициналық қызмет көрсету. Әсіресе балалардың жүрек ақаулығын дер кезінде емдеп жазу. Мамандардың айтуынша, бала 1 жасқа толғанша опеарция жасалуы керек. Соңғы 4 жылда 200-ден аса сәби жүрегіне қажетті опеарция жасалған.

Нұрбек Достанов, дәрігер-резидент: 
-Осындай кардиоцентрлер көп ашылғасын соңғы дамудағы инновациялы аппаратуралар қолданылып, бұл балалар бұрын көп кезекте күтетін еді, өйткені Астанада бір кардиоцентр болғандықтан, ал қазір 5-6 кардиоцентр, бұл балаларға 5 жаста операция жасай аламыз.

Литвадан келген мамандарға 1 апта бойы ақтөбелік әріптестері көмекші болады. Барлығы 10 операция жасалады деп жоспарлануда. Ең маңызды операция алда, «Тетрада Фалло» диагнозы қойылған бүлдіршінді опеарцияға дайындауда. Оның жүрегінде 1 емес, 4 ақаулық бар. Виргилиюс Тарутистің бұл Ақтөбеге алғашқы сапары. Шетелдік дәрігерлер кардиохирургия орталығының еуропалық, алдыңғы қатарлы емханалардан кем еместігін айтты.

Виргилиюс Тарутис, Вильнюс университеті ауруханасы жанындағы кардиохирургия орталығының жетекшісі: 
-Балалардың жүрек ақаулығы хирургиясында ең бастысы тәжірибе болу керек. Сол тәжірибемен алмасып отыру керек. Сіздерде дәрігерлер жас әрі мәдениетті екен.

Жүрекке күрделі операциялар жасау үшін біздің дәрігерлер жыл сайын Еуропаның үздік клиникаларында тәжірбиеден өтеді. Халықаралық әріптестік – «Қазақстан-2050» стартегиясының басым бағыттарының бірі. Балтық жағалауынан келген мамандар қазақстандық дәрігерлермен әлдеқашан әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Айтуларынша, біздің елдің дәрігерлері мен заманауи қондырғыларының арқасында жаңа туылған сәби жүрегіне де операция жасау мүмкіндігі бар. Ақтөбелік хирургтердің алдағы мақсаты да осы.

Тілші: Ақсәуле Байменшина 
Оператор: Александр Степаненко

http://www.khabar.kz/kz/view/news_socium/page_49812_zamanaui-tekhnologiyalar-kardiokhirurgiya-salasynda-da-zh#page


Тiзiмге қайтару