• Каз
  • Рус
  • Eng
25.12.2013

Юрий Пя: «Адамға өмір сыйлау - шын бақыт»

«Адамға өмір сыйлау - шын бақыт». Бұл еліміздің белді кардиохирургтарының бірі Юрий Пяның үнемі айтатын сөзі. Себебі, бұл кісі күнделікті адам өміріне араша болып, олардың бойындағы ең маңызды мүшесі - жүрегіне ота жасап, жаңа өмір сыйлайды. Юрий Пя 2012 жылдың «Ең үздік дәрігері» атанды. Ал, жақында, Тәуелсіздік мерекесі күні Елбасы қолынан «Қазақстанның еңбек ері» төсбелгісін алды.

Соңғы жылдары елімізде медицина саласы қарқынды дамуда. Нейрохирургия, онкология мен кардиохирургия салаларына жаңа техникалық құралдар алынып, бөлінетін қаржы көлемі ұдайы өсуде. Осының бәрі Елбасымыздың Қазақстан халқы үшін жасап отырған игілігі,-дейді кардиохирург.

Юрий Пя, «Ұлттық Кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасы:
- Қазақстан тәуелсіздік алғалы қарқынды дамуда. Қазір әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуды көздеп отырмыз. Осы мақсатты жүзеге асыруда, біз де халықпен бірлесіп, ықпал жасауымыз керек. Елбасының қолдауы арқасында, медицина саласы қарыштап дамып келеді.

Астанадағы кардиохирургиялық орталықта 200-ден астам адам ем қабылдауда. Солардың бірі - Болат Исаев. 7 жыл бойы жүрек ауруынан азап көрген жан донордың жоқтығынан 5 жыл тек дәрі-дәрмектің көмегімен жан сақтап келген. Кейін Астанада донор табылды деген хабарды естіп, елордаға жол тартады. Екі күннен кейін операция жасалады, қазір оның жағдайы бірқалыпты.

Болат Исаев, Емделуші:
- 5 жыл ішінде осы дәрі арқылы емханада жатып, демалып жүргенмін. Соңғы 2 жыл қатты ауырдым. Дәрігерлердің айтқаны, дәрі көмектеспеді. Тек қана операцияға түсіп, донордың жүрегін салу керек деді. Екі жарым жыл очередьте тұрдым. Астанада шақырып жатқанды естіп, бірінші рейспен тез жеттім. Екі күннен кейін мені жан сақтау бөлмесіне алып кетті. 7 ноябрьде жасалды ота. Жеті сағат оперция өтті.

Кардиохирургтың айтуынша, қазір орталықта жаңа технологиялар пайда болып, кей күрделі операцияларды жылдам әрі адам өміріне нұқсан келтірмей жасау мүмкін болды.

Юрий Пя, «Ұлттық Кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасы:
- Бұрын біз жүрек талшықтарына, жүрек қағысының бұзылуын реттеуге арналған операцияларды тіліп жасайтынбыз. Ал, қазір мына жаңа технологиялардың арқасында, оларды тез және адам денесіне ешбір дақ қалдырмай жасауға мүмкіндік алдық.

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша жүрек сырқатына шалдыққан адамдардың 200-ден астамы жүрек алмастыру бойынша кезекте тұр. Қазақстан медицина саласына үнемі осылай көңіл бөлетін болса, бұл санды еңсеру оңайға соғады,-дейді Юрий Пя.

http://www.khabar.kz/kz/view/news_socium/page_51960_yurii-pya-#page

Тiзiмге қайтару