• Каз
  • Рус
  • Eng
04.04.2013

Отандық дәрігерлер ауыр созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар 50 науқасқа өмір сыйлады

Отандық дәрігерлер ауыр созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар 50 науқасқа өмір сыйлады. Бұл - соңғы 1,5 жылда жеткен жетістік. Енді осындай жүректі алмастыру отасы кезекте тұрған 100-ге жуық адамға жасалмақ.

«Жұдырықтай жүректен шыққан жібек сөздер әр жүрекке жетеді, үміт сыйлайды». Жасанды жүрек қарыншасын орнатқан емделушінің бірі Гүлмира Смаилова осылай дейді. Өлімді жеңген, өмірге құштар 24 жасар ана сөзге сыймаған сезімін қылқалам құдіретіне арқау еткен.

Гүлмира Смаилова, емделуші:

Тілмен жеткізе алмағанды, сурет арқылы адамның ой-пікірін көрсетеді. Жалпы өзіңе де жеңіл болады. Енді жұмысым бар, ұлым бар, отбасым, бауырларым, алға қойған жоспарларым, әрине, көп.

Елімізде алғашқы «жасанды жүрек» имплантациялау отасы 2011 жылы қарашада жасалған. Мұнымен, Қазақстан кардиохирургиялық ота жасайтын әлемдегі жиырма үздікке енді. Енді елімізде осындай 200 мың адам бар. Жасанды жүрек қарыншасын орнату толық емделіп, тіпті болмағанда, науқас өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. 


Сымбат МОЛДАТАЙ

http://astanatv.kz/news/show/id/8562.html

Тiзiмге қайтару