• Каз
  • Рус
  • Eng

Қызметкерлер бойынша психологтің қоластында әлеуметтік-психологиялық бейімделу тренингі өткізілді.

23.04.2018
Қызметкерлер бойынша психологтің қоластында әлеуметтік-психологиялық бейімделу тренингі өткізілді. Қызметкерлер бойынша психологтің қоластында әлеуметтік-психологиялық бейімделу тренингі өткізілді. Тренингкке жаңадан келген медициналық қызметкерлер және әкімшілік блок қызметкерлері қатысты.
Жаңа қызметкерлердің психологиялық бейімделуі бұл-іскерлік, тұлғааралық, әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесі. Бұл жүйе кәсіби іс-әрекетке бейімделуге септігін тигізеді. Жаңа қызметкерлердің бейімделуі психологиялық тұрғыда тұлғаның эмоционалды қысылуынан айырылуға көмектеседі. Бұндай жағымсыз әсерлер істеуге қажетті функциялар мен тапсырмаларды орындауға қажетті тәжірибенің жеткіліксіз болғандығынан туындайды.
Психологиялық бейімделу әлеуметтік қарым-қатынасты ұйымдастыру және тұлғаның даму үрдісі ретінде қарастырылады. Бұл үрдіс бірнеше блоктардан тұрады.
- тұлғаның, ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының ерекшеліктеріне бейімделу;
- тұлғаны кәсіби іс-әрекетке бейімдеу;
- өзін-өзі реттеуді және өзін-өзі дамытуды қамтамасыз ететін тұлғалық ресурсты дамыту.


Тiзiмге қайтару