• Каз
  • Рус
  • Eng

67 ESCVS

23.04.2018
67 ESCVS 2018 жылдың 12 және 14 сәуір аралығында Францияның Страсбург қаласында Жүрек-тамырлары және Эндоваскулярлық хирургияның (European Society of Cardiovascular and Endovascular Surgery) Еуропалық қоғамының 67 халықаралық конгресі өтті. Кардиология және ангиохирургияның әртүрлі мәселелері бойынша.
Орталықтың дәрігерлеріне Alain Carpentier (Франция) және Oscar Howard Frazier (АҚШ) сияқты халықаралық жетекші дәрігерлердің дәріс тыңдауға мүмкіндік болды. Баяндамалардың тақырыбы жалпы кардиохирургияның қазіргі заманғы даму бағыттарын көрсететін қан айналымы механикалық қолдау құрылығыларға байланысты болды. Жүрек орталығынан 3 баяндама донорлық жүректі ең ұзақ кезеңі 16 сағат TransMedicsOrganCareSystem сақтаудан кейін аллографпен жүректі сәтті трансплантациялау, қан айналымының механикалық құрылғылары HeartMate 3, HeartMate II пайдалану бойынша ұсынылды.
Жүрек орталығының нәтижелері шетелдік әріптестерінен жағымды шолулар алынды және олар одан әрі дамуы мен өркендеуіне сәттілік тіледі.


Тiзiмге қайтару