• Каз
  • Рус
  • Eng

2018 ж. 26-27 сәуірде Орталық базасында митральді клапан хирургиясы бойынша мастер-класс өтеді

29.03.2018

     2018 ж. 26-27 сәуірде «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ базасында "Understanding the mitral valve"Эдинбург қаласында Royal College of Surgeons аккредиттелген Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакалдық хирургтар қауымдастығы аясында митральді клапан хирургиясы бойынша мастер-класс өтеді( 12 академиялық сағат).
     Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды митральді клапанның патологиясы кезінде диагностикалау және хирургия бойынша практикалық және теориялық дағдыларды үйрету.
     Шеберлік-класс барысында кейінгі талдаулармен клиникалық жағдайлар ұсынылады, митральді клапанының патологиясын емдеудің диагностикалық және хирургиялық әдістерінің өзекті мәселелері қозғалады,сондай-ақ митральді клапанының патологиясы бар науқастарды басқару негіздері талқыланады.
     Қажетті дағдыларды көрсету үшін конференц-залға операциялардың (ашық және шағын-инвазивті қатынау) бейне трансляциясын өткізу жоспарлануда.
     Шеберлік-кластың соңғы бөлігінде қатысушыларға орталықтың жетекші мамандарының жетекшілігімен митральді клапанның патологиясын диагностикалау мен емдеудің практикалық дағдыларын үйренуге мүмкіндік беріледі. 
    Кез-келген қосымша ақпаратты +7 (717) 2703153 телефоны, e-mail:cardiacsurgeryres@gmail.com электронды пошта арқылы алуға болады.


Тiзiмге қайтару