• Каз
  • Рус
  • Eng

ECR 2018 Вена, Австрия

27.03.2018
ECR 2018 Вена, Австрия Қазақстандық радиологтар делегациясы Австрияның Венадағы 2018 жылғы ECR радиологтар конгресіне қатысты. Жүрек орталығынан радиология бөлімшесінің меңгерушісі Даутов Taирхан Бекболатұлы Еуропалық радиологтар қоғамының ғылыми комитетіне ұлттық делегаты ретінде шақырылды. Қазақстандық делегация бірнеше кездесулерді, оның ішінде Еуропалық радиологтар мектебінің жаңа директоры профессор Валерие Вилгрейнпен және Корея делегациясымен іскерлік кездесу өткізді.

Қазақстан-Корея делегациясының іскерлік кездесуі барысында тәжірибемен алмасу, жас радиологтарын оқыту, сондай-ақ биылғы жылдың қазан айында Астана қаласында Жүрек орталығында өтетін «Әйелдер денсаулығы» тақырыбындағы RSK-KSR Friendshipsymposium жөнінде талқыланды.


Тiзiмге қайтару