• Каз
  • Рус
  • Eng

Жүрек орталығына Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Чон Се Гюн келді

13.03.2018
Жүрек орталығына Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Чон Се Гюн келді 13 наурызда «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ-ға Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Чон Се Гюн келді.  Делегацияның құрамында Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясының 15 өкілдері болды. Делегацияны ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко Карпович, сенатор Ким Георгий Владимирович, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бакишев Дулат Хангереулы, ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілдері Ерман Мұхтар Тілдабекулы,   Айсина Майра Арапқызы, Ким Роман Ухенович, Қасымбеков Талғат Амангелдіұлы, Бекенов Арай Құдайбергенұлы және басқалары жүрді.
«Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Юрий Владимирович Пя Орталықтың клиникалық бағыттары мен жетістіктері,  жаңа технологияларды енгізу және кардиохирургия, интервенциялық кардиология және аритмология саласындағы даму перспективалары туралы айтып берді. Сонымен қатар делегация Жүрек орталығы бөлімшелерінің жұмысымен, жаңа технологияларымен және жабдықтармен танысты.
Чон Се Гюн жылы қабылдау үшін Ю.В.Пяға алғысын білдіріп, ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтті және Жүрек орталығына одан әрі дамуына және өркендеуіне тілектестік білдірді.



Тiзiмге қайтару