• Каз
  • Рус
  • Eng

JCI және CCPC алтын сапа стандарты

12.12.2017
JCI және CCPC алтын сапа стандарты

Joint Commission International (JCI) немесе Біріккен Халықаралық Комиссия — бұл медицина мекемелеріндегі емделушілерге қызмет көрсету мен олардың қауіпсіздігі деңгейінің ең жоғарғы сапасын ілгерілетумен айналысатын әлемдегі ең ірі халықаралық ұйым. Біріккен Халықаралық Комиссия тарапынан жүргізілген аккредитация денсаулық сақтау саласындағы алтын стандарт болып саналады.

2014 жылдың 5 қарашасында Жүрек орталығы алғаш рет JCI халықаралық аккредитациясынан өтіп, халықаралық деңгейдегі сапа белгісі саналатын «Алтын Құптау Белгісіне»ие болды. 2017 жылдың 23 қыркүйегінде Жүрек орталығы JCI қайта аккредитациясынан сәтті өтіп, «Алтын Құптау Белгісіне» ие болды. JCI стандарттары бойынша халықаралық аккредитациялау туралы сертификаттың жарамды мерзімі үш жыл, біздің жағдайда сертификат 2020 жылға дейін жарамды.   

JCI жұмысы аккредитация жүргізуді ғана емес, сонымен қатар медициналық көмек көрсететін ұйымдарға арналған CCPC сияқты тар бейінді клиникалық бағдарламаларды сертификаттауды да қамтиды. JCI стандарттары бойынша аккредиттеуден сәтті өткен клиникалар ғана CCPC сертификаттауынан өтуге үміткер бола алады. CCPC емделушілердің нақты топтарына көмек көрсетуге бағытталған клиникалық бағдарламаларға баға береді.

Сертификаттау мынадай ұйымдарға арналған:

– жіті және созылмалы аурулар жағдайында көмек көрсететін медициналық ұйымдар;

– амбулаторлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар;

– медициналық-санитариялық көмек үздіксіздігін (үй жағдайында көрсетілетін медициналық қызметтер, науқасты күтуші қызметі, науқасты ұзақ уақыт бойы күту, хоспистердегі медициналық көмек)  құру процесіне қатысатын көмекші қызметтер қатары.

2017 жылдың 29 қарашасында Жүрек орталығы тексеруден өтіп, екі жүрек трансплантациясы және VAD (жүрек қарыншаларын механикалық демеу құрылғысы) клиникалық бағдарламасы бойынша алтын сапа стандарты сертификатына ие болғанын еске саламыз.

 



Тiзiмге қайтару