• Каз
  • Рус
  • Eng

Астанада толығымен жасанды жүректің алғашқы халықаралық имплантациясы жасалды

06.12.2017

Астана, Қазақстан, 2017 жыл 27 қазан

Жыл сайын әлемде 80 мыңнан астам адам жүрек трансплантациясын қажет етуде, соның ішінен тек жыл сайын 5000-6000 жүрек трансплантациясы операциялары жүргізіледі. Осыған байланысты көптеген елдерде жасанды жүрек жасау бойынша белсенді ғылыми жобалар және инновациялық әзірлеулер жүргізілуде. Француз биоинженерлері осы салада сәтті серпіліс жасады. САRМАТ компаниясының мамандар тобы Еуропалық аэроғарыштық және қорғаныс концернімен ынтымақтастықта әлемдегі ең алғашқы толығымен жасанды жүректі жасап шығарды.

​2017 жылдың 19 қазанында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы базасында жаңа жасанды жүрек имплантациясының операциясы халықаралық трайл шеңберінде Франциядан тыс жасалған, оған Қазақстанды қосқанда бес мемлекет қатысты. Операцияны Орталық басшысы Юрий Пяның басшылығымен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығыны мамандарының тобымен сәтті өткізілді.

​Жасанды жүрек имплантациясы терминалды сатысындағы созылмалы бивентрикулярлы жүрек жетіспеушілігінен зардап шеккен 60 жастағы пациентке жүргізілді. Пациент 4 айдан астам уақыт ауруханада болды, жағдайының ауырлығына байланысты үйге шығаруға мүмкіндік болмады, онда жүректің сол жақ қарыншасына (LVAD) жасанды имплантациясын жасауға қарсы көрсетілімдер болған. Толығымен жасанды жүрек имплантациясы оның өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі болды. Қазіргі таңда пациент толық оңалту курсын өтіп, шығуға дайындалуда.

​Осындай бірегей операцияны жүргізу отандық дәрігерлердің жоғары кәсібилігі мен жасанды жүрек әзірлеуде САRМАТ компаниясының Еуропалық аэроғарыш концернімен ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды. 
​Заманауи ғылым толығымен жаңа деңгейге жетті, ең бастысы - адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Анықтама:

CARMAT SA – бұл француздық компания, Еуропалық аэроғарышпен және қорғаныс концерні ынтымақтастығымен әзірленген толық жасанды жүрек, екі қарыншалық жүрек жетіспеушілігі бар емделушілердің терминалдық сатысын қолдау ретінде пайдалану үшін бағытталған.

CARMAT жүрек ауруларымен бірлескен проблемаларды шешуге бағытталған, ол бүкіл әлемде өлімнің басты себебі болып табылатын: жіті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі. CARMAT жасанды жүрек әзірлеуді дамыту, жүрек жетіспеушілігімен зардап шегетін адамдардың жүрек трансплантациялсы жағыдайлары санынын азайтуға бағытталған.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталық» АҚ Орталық Азия аумағындағы жетекші клиника болып табылады. Орталық заманауи кардиология, кардиохирургия, интервенциялық кардиологияның барлық бағыттарын біріктіреді.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ баспасөз-қызметі



Тiзiмге қайтару