• Каз
  • Рус
  • Eng

Жүрек орталығы Ақтау қаласынан Уразбаева Алтыншаш Жарасқызына жылы сөздері мен тілектері үшін алғысын білдіреді.

28.11.2017

Өз тарапымыздан Сізге зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тилейміз.

Пациент пікірі:

Мен, Уразбаева Алтыншаш Жарасқызы, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының тұрғыны Астана қаласы "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы "АҚ дәрігерлері мен барлық қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі, кішпейілділігі, пацменттерге мейірімділік қарым қатынасы мен көңілі үшін, сондай-ақ, медициналық қызметтің сапалы қызметіне шын жүректен алғысымды білдіремін.

2017 жылдың 14 қарашасында маған сәтті операция жасалды. Осы клиниканың жоғары білікті дәрігерлерінің алтын қолдары менің қуанышыма өмірімді ұзартты.

Елімізде осындай медициналық мекемелері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылғанына мен мақтан етемін.

Еліміздің Президентіне алғысымды білдіремін. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің халыққа жасап жатқан жақсылығыңыз үшін басымды иемін. Сізге зор денсаулық және еліміздің көркейуіне тілектеспін!

Құрметті,кардиология орталығының коллективі! Сіз бізге үміт және жақсы өмір силау үшін бар жақсылықты жасап жатырсыз. Аналық басымды иемін. Сізге және сіздің отбасыңыз бен туған-туыстарыңызға денсаулық және бақыт тілейміз,



Тiзiмге қайтару