• Каз
  • Рус
  • Eng

Қайталану хирургиясының баламалы әдісі

02.10.2017
Қайталану хирургиясының баламалы әдісі

Жүрек орталығында Dr. Eustaquio Onorato, Italy, Dr. Diana Zakarkaitė, Vilnius қатысуымен «Парапротездік фистулдарды транскатетерлік жабу» тақырыбы бойынша мастер-класс болып өтті.

Бұл интервенциялық араласулар бұрын жүрек қақпақшаларына протездеу жасалған пациенттерге қолданылады және операциядан кейінгі кезеңде тігіс түскен жерде протез бен тін арасындағы кеңістік дамиды, нәтижесінде осы анатомиялық аймағында қан тастау жүреді. Бұл жағдайда осы фистуланың транскатетерлік жабылуы қайта хирургиялық араласуға қарағанда аз инвазивті опция болып табылады. Жүрек орталығының дәрігерлері парапротездік ликтерді жабуға арналған жаңа арнайы окклюдерді пайдалана отырып осы әдісті қолданды. Мастер-класс щеңберінде 4 пациентке операция жасалды (2 пациент аорталдық парапротездік фистуламен және 2 пациент митралдік парапротездік фистуламен). Бұл операция түрі осы клиникалық жағдайда пациенттер үшін ең қауіпсіз шешім болып табылады, жағдайын жақсартады және қайта күрделі операцияны болдырмауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда барлық пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық және шығарылуға дайындалуда.







Тiзiмге қайтару