• Каз
  • Рус
  • Eng

Литвада өткізілген жүрек трансплантациясының отыз жылдығы мен «Литвадағы ЭКМО прогрессі» атты екінші конференция

18.09.2017
7 және 8 қыркүйек аралығында Литвада өткізілген алғаш жүрек трансплантациясының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Аталған шара «Литвадағы ЭКМО прогрессі» атты екінші конференциямен қатар өткізілді.
Жүрек орталығы атынан Басқарма төрағасы Ю.Пя, №1,2 кардиохирургия бөлімдерінің меңгерушілері қатысты. Конференцияда Жүрек орталығы 2 баяндама бойынша сөз сөйледі. Олар: «Қазақстан Республикасындағы трансплантация бағдарламасы» және «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығындағы ЭКМО».
Іс-шараның ғылыми бағдарламасы өте мазмұнды болды. Конференцияға қатысушылар трансплантациялық бағдарламаларды ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Шараның алғашқы күні жүрек трансплантациясына арналған болса, екіншісі ЭКМО-ға арналды. Іс-шараны ұйымдастырушылар алғаш жүрек трансплантациясын баян ететін фильм көрсетіп, тақырыптық фотокөрме өткізді.


Тiзiмге қайтару