• Каз
  • Рус
  • Eng

Алғаш рет ТМД мемлекеттерінің ішінен Қазақстандық кардиохирургтар салмағы 2 граммға жетпейтін электродсыз жүрекширатқышты орнатты.

24.08.2017
Алғаш рет ТМД мемлекеттерінің ішінен Қазақстандық кардиохирургтар салмағы 2 граммға жетпейтін электродсыз жүрекширатқышты орнатты.
Жақында тіпті дамыған мемлекеттерде сирек кездесетін оқиға болып есептелетін отаны "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың"дәрігерлері жасады. Жүрекке жасалған ерекше ота 72 жасар еңбек ардагері мен 31 жастағы әйелге жасалды. Оларға әлемдегі ең кішкентай электродсыз электрлі жүрекширатқыш орнатылды. Қазіргі кезде емделушілердің жағдайы қалыпты.
Кішкентай көлеміне қарамастан, бұл құрылғы өзінен әлдеқайда үлкен қазіргі кезде қолданылып жатқан құрылғылармен қатар жақсы жұмыс атқарады.
Осындай жүрекширатқышты орнату емделушілерге залал келтірмейді және ықтимал мәселелердің, мысалы, өкпенің немесе жүрек қақпақшасының зақымдалуының алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, емделушінің ағзасы бұл құрылғыны қабылдамауы сирек кездеседі, ал оны пайдаланғанда індеттің таралу қаупі азаяды.
Мінеки, енді Қазақстанда да әлемдегі ең кішкентай жүрекширатқышы пайдаланылып келеді.


Тiзiмге қайтару