• Каз
  • Рус
  • Eng

Астана 3 күнге әлемдік кардиохирургия орталығына айналмақ

31.08.2017
2017 жылдың 1-3 қыркүйек аралығында Астана қаласында 27-ші Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакалдық хирургтар қауымдастығының конгресі өтеді.
Бұл шараны «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырғалы отыр.
Әлемнің 50 мемлекетінен келген 1000-нан аса кәсіпқой мамандар Тәуелсіздік Сарайында жиналады деп күтілуде. Конгреске қатысушыларды қызу толқулар мен дүниежүзінің 200-ден астам жетекші кардиоторакалдық хирургтары өткізетін мастер-класстар және оқыту күтеді.
Конгресс кардиохирургия саласындағы жетістіктер мен оның болашақтағы дамуы, тәжірибе алмасу және халықаралық байланыстарды нығайту мақсатында әлемнің жетекші ғалымдары мен мамандарының бас қосуы үшін шақырылып отыр.
Конгрестің ғылыми бағдарламасы шеңберінде көптеген тақырыптар талқыға салынады, соның ішінде туа біткен және жүре пайда болған жүрек кемістігінің хирургиясы, жүректің ишемиялық ауруы хирургиясы, балалар кардиохирургиясының, интервенциялық кардиохирургия мәселелері, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуде гибридтік технологияларды пайдалану мәселесі, сонымен қатар жүрек трансплантациясының өзекті мәселелері.
Үш күннің ішінде Оскар Фрейзер, Стюарт Джемисон, Дембицки Уолтер, Пол Сержант, Ян Пирк және т.б. аты әлемге танылған жетекші ғалымдар сөз сөйлейтін болады.
Сізге медицина және денсаулық сақтау салаларының дамуына арналған өзекті мәселелер, сондай-ақ кардиохирургиядағы инновациялар тақырыбына медицинаның әлемдік жұлдыздарымен талқылау мүмкіндігі берілетін болады.
Шараның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әбдіқалықова Г.Н., ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Е.А., ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілері және БАҚ өкілдері шақырылған.
27-ші Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакалдық хирургтар қауымдастығы конгресінің бағдарламасы http://www.wscts2017.com/ru/home сайтында.


Тiзiмге қайтару