• Каз
  • Рус
  • Eng

Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясына 5 жыл

08.08.2017
Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясына 5 жыл

Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясына 2017 жыл 8 тамызында 5 жыл және әлемдегі алғашқы жүрек трансплантациясына 50 жыл толып отыр. Бұл күн отандық кардиохирургия дамуындағы және көптеген адамдар тағдырындағы айтулы күн боп табылады. Трансплантация көптеген пациенттерді өлімнен аман алып қана қоймай, сондай–ақ, толыққанды белсенді өмір сүруге мүмкүндік берді.
Бұл іс-шараға жүрек трансплантациясынан кейінгі адамдар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және медициналық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ, қайтыс болған донорлардың туыстары мен жақындары қатысты. Донорлық органдарды транспланттау қоғамның қатысуынсыз мүмкін емес және медицинаның ғана емес, тұтас мемлекеттің дамуының индикаторы болып табылады.
Ағзаларды ауыстыру – біздің отандастарымыздың қайта қалыпты, салауатты өмір сүруіне үлкен мүмкіндік береді!
Елбасымыздың үлкен қолдауы, жаңа технологиялар мен Жүрек орталығы дәрігерлерінің кәсіпқойлығы жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын көптеген адамдардың өмірін аман алып қалуда. Олар жаңа жүрекпен жаңа өмір бастауда...



Тiзiмге қайтару