• Каз
  • Рус
  • Eng

Қазақстанның бірінші алтыны қоржында

29.06.2017
Қазақстанның бірінші алтыны қоржында

Испанияда өтіп жатқан Дүниежүзілік трансплант-ойындарда Смаилова Гүлмира әйелдер арасында боулингтен бірінші орынды иемденіп, елімізге алғашқы алтынды сыйлады.

Жүрек орталығы Қазақстан құрама командасын жеңіспен құттықтайды және алда да жеңіске жете беруді тілейді. Ойыншыларға қайсарлығы мен батылдығы, жеңіске деген ынтасы мен сенімі үшін алғысын білдіреді. Испанияда ХХІ Дүниежүзілік трансплант-ойындардың өтіп жатқандағын еске сала кетейік. Бұл ойындарға Қазақстан атынан 6 спортшы қатысуда. Олар – Жәнібек Оспанов, Гүлмира Смаилова, Асхат Каликешов, Ержан Мұхамадиев, Жеткіншек Нұров, Апресхан Ховдахан. Олар жүзу, үстел теннисі және боулинг секілді жарыс түрлері бойынша бағын сынауда.



Тiзiмге қайтару