• Каз
  • Рус
  • Eng

«Өгей жүрек»

20.06.2017
«Өгей жүрек»

2017 жылдың 18 маусымында «Көрме» көрме орталығында «Мое чужое сердце» («Өгей жүрек») хикаятының тұсаукесері өтті. Бұл кітап бірнеше жыл бұрын қазақ тілінде шығарылған болатын, енді, міне, осы жылы орыс тіліне аударылды. Іс-шараға хикаят кейіпкерлері мен авторы – Сәуле Досжанова – шақырылды.
Бұл әңгіме Қазақстанда 2012 жылы тұңғыш рет өткізілген жүрек трансплантациясы туралы баяндайды.
«Бала кезімде дәрігер болуды армандайтынмын, бүгінгі күнде көп уақытымды жақындарымның денсаулығына бөлемін. Бәлкім, сондықтан да «Өгей жүрек» хикаятын жазған болармын», - дейді автор.



Тiзiмге қайтару