• Каз
  • Рус
  • Eng

Қауіпсіз инфузиондық терапия

06.06.2017
Қауіпсіз инфузиондық терапия

2017 жылдың 29-30 мамыр күндері Санкт-Петербургте «Қауіпсіз инфузиондық терапия» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға инфузиондық терапиямен айналысатын медбике ісінің мамандары және де орта медбике қызметкерлерін дайындаумен айналысатын білім беру институттарының оқытушылары қатысты. Жүрек орталығы атынан балалар кардиологиясының медбике ісі мамандары қатысты.

Конференция бағдарламасында мастер-класстар және дағдыларды тәжірибе жүзінде пайдалану қарастырылды.

Конференция барысында қауіпсіз инфузиондық терапияны өткізудегі заманауи әдістер, алдын-алу іс-шаралары, пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қатысты асқынулар мен тәуекелдер талқыланды.

Қатысушылар алған тәжірибелерін келешекте белсенді түрде пайдалана алады.



Тiзiмге қайтару