• Каз
  • Рус
  • Eng

Жүрек орталығы цифрлық медицина жүйесіне көшпекшi

02.06.2017

Маусымның 2-жұлдызында Жүрек Орталығында медицина саласындағы жаңалықтарға арналған «Now we are digital» («Біз енді цифрлық жүйеге негізденеміз») пресс-конференциясы өтті.

Заманауи ғылым білімді өзіне тез сіңіріп алуда. Ал, білімді пайдаланушылар, оның ішінде біз – медиктер, бұл үрдіске ілесе алмай жатқан кездер де болады. Оған қоса шегі жоқ ақпарат еркіндігі қажетті білімді «көздеп» пайдалану үшін оны құрылымдауға мүмкіндік бермеуде. Сол себепті Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы «ECMO Heart Center Course», «AF Surgery Heart Center Course», «Cardiac Surgery Nursing» секілді электрондық білім беру қосымшаларын шығарды.
Бұл топтамадағы алғашқы қосымшалар экстракорпоральды жарғақтық оксигенацияға және жүрекше фибрилляциясы кезіндегі хирургиялық менеджментке арналды. ҰҒКО медбике ісі мамандарының жұмыс тәжірибесін толығымен жинақтаған келесі өнім «Кардиохирургиядағы медбикелік процесс» атты мобильді қосымша болды.
Мобильді және веб-платформаның көмегімен дәрігерлері мен медбике ісінің мамандары білімдерін күнделікті толықтыра алады.
Білім беру қосымшаларын шығару арқылы ҰҒКО электронды ресурстар саласындағы соңғы тенденциялармен қатар жүре отырып, барлық әріптестеріне жақын бола түседі.



Тiзiмге қайтару