• Каз
  • Рус
  • Eng

Астанада IV Еуропалық радиологтар мектебі ашылды

29.05.2017
Астанада IV Еуропалық радиологтар мектебі ашылды

2017 жылғы 29 мамырда Астана қаласындағы Жүрек орталығында «ESOR Astana Tutorial» IV еуропалық радиологтар мектебі өз жұмысын бастады. «Astana Tutorial» еуропалық радиологтар мектебінің негізгі мақсаты – Орта Азияның (Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан) жас радиолог мамандарын оқыту. Жас радиологтарды жүрек және тамыр патологиясы, өкпе туберкулезі, сүт безінің қатерлі ісігі, тірек-қимыл аппаратының ауруы секілді әлеуметтік маңызға ие аурулар және радиациялық қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сай оқыту тиімділігін арттыруға баса мән берілетін болады. Іс-шара 2017 жылдың 9 маусымына дейін созылады.



Тiзiмге қайтару