• Каз
  • Рус
  • Eng

Алматыда жыл сайынғы VIII Бас Ассамблея өтті

24.05.2017
Алматыда жыл сайынғы VIII Бас Ассамблея өтті

2017 жылғы 16-18 мамырда Алматы қаласында «Ұлттық Медициналық Ассоциация» Республикалық қоғамдық бірлестігінің VIII Бас Ассамблеясы өтті. Конференция «Сау балалар – сау болашақ!» тақырыбына арналды.

Бұл – қоғам болып талқылауға тұрарлық өзекті мәселе, себебі өсіп келе жатқан жеткіншектердің амандығы мен саулығы ата-ананың арманы ғана емес, елдің де жарқын болашағына бастар жол. Форумға дәрігерлер, түрлі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, депутаттар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, медициналық ассоциациялар қатысты.

Форумға қатысушылар медициналық қызметтердің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты маңызды мәселелердің бетін ашты. Жүрек орталығы атынан радиология, аритмология және балалар кардиологиясы бөлімшелерінің меңгерушілері шықты.

Форум шеңберінде мастер-класстар, дөңгелек үстелдер, сондай-ақ Медициналық ассоциациялар жетекшілерінің форумы ұйымдастырылды. Үздік медицина қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері Ұлттық Медициналық Ассоциациялардың төс белгілерімен марапатталды. Жүрек орталығының Басқарма төрағасы Юрий Пя «Алтын скальпельмен» марапатталды.



Тiзiмге қайтару