• Каз
  • Рус
  • Eng

AATS қауымдастығының тарихи сессиясы

19.05.2017
AATS қауымдастығының тарихи сессиясы

Америкалық торакальдік хирургия қауымдастығы 2017 жылдың 29 сәуірі мен 3 мамыры аралығында өзінің жүзжылдық мерейтойын Бостонда атап өтті. Осы сессияға Жүрек орталығы атынан іссапарға степендия ұтып алған КХБ-1 дәрігер-кардиохирургі барды.

AATS 2017 сессиясына әлемнің түкпір-түкпірінен келген көптеген мамандар қатысты. Конференцияға қатысушылар осы жылы ересектердің туа біткен жүрек ауруларына, жалпы торакальдік ауруларына арналған сабаққа қатысты.

AATS Week 2017 әлемнің жетекші ғалымдары мен кардиохирургия саласындағы мамандарының басын қоса отырып, интенсивті оқытумен қамтамасыз етті және осы саладағы жаңа жобалар туралы соңғы ақпараттармен бөлісті.

Америкалық торакальдік хирургия қауымдастығы (AATS) құрамына 41 мемлекеттен әлемнің жетекші 1300-ден астам торакальдік және кардиоторакальдік хирургтар кіретін халықаралық ұйым болып табылады.

Қауымдастықтың мақсаты – кардиоторакальдік хирургтардың емделушіге сапалы күтім жасаудың ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз етудегі мүмкіндігін үнемі жоғарылату. AATS осы мақсатты ұстана отырып, кардиоторакальдік хирургия саласындағы ғылыми жобалар мен зерттеулерді ілгері жылжытып, ынталандырып отырады.



Тiзiмге қайтару