• Каз
  • Рус
  • Eng

Павлодардағы жоғары технолгиялар күні

18.05.2017
Павлодардағы жоғары технолгиялар күні

«Жоғары технологиялар күні» республикалық акциясының шеңберінде 5 мамырда Жүрек орталығының дәрігерлер тобы «Павлодар облыстық кардиология орталығына барды.

Аталған іс-шара шеңберінде облыстағы созылмалы жүрек жетіспеушілігі, жүректің ишемиялық аурулары, қақпақша патологиясы, жүрек қағысының бұзылуы, артериалдық гипертензия ауруларына шалдыққан емделушілер үшін консультациялық қабылдау жүргізіліп, алдағы емдеу бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар, дәрігерлер профильдік мамандар үшін тұрғындарға кардиологиялық және кардиохирургиялық жәрдем көрсету мәселесі бойынша оқыту лекцияларын өткізді.

Акция Қазақстанға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру аясында өткізілген болатын. МӘМС жүйесін ендіру дәрігерлік көмектің барлығына қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.



Тiзiмге қайтару