• Каз
  • Рус
  • Eng

3-еуропалық форум

15.05.2017


2017 жылғы 11-13 мамыр аралығында Польшада Гипертонияға арналған 3-ші еуропалық форум өтті. Жүрек орталығынан атынан кардиология бөлімінің жетекшісі қатысты.

Кездесуді Еуропалық гипертония қауымдастығы мен Польшалық гипертония қауымдастығы ұйымдастырды және оның басты мақсаты — Еуропалық гипертония қауымдастығы мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы қатынасты нығайту.

Іс-шараға 20-дан астан мемлекеттен 200-ден астам қатысушы қатысты. Биылғы форум Еуразия құрлығының түрлі мемлекеттері арасында клиникалық және ғылыми тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.

Бағдарламада пленарлық отырыс, талқылаулар мен семинарлар болды.



Тiзiмге қайтару