• Каз
  • Рус
  • Eng

EXPOMED

18.04.2017
30 наурыз бен 3 сәуір аралығында Стамбул қаласында Денсаулық сақтау, медициналық, зертханалық, госпиталь жабдығы мен оңалту көмегі жөнінде халықаралық көрме (EXPOMED) болып өтті. EXPOMED көрмесінде Жүрек орталығын қатысушы компаниялардың жаңа өнімдері, технологиялық жаңалықтары мен өткізген зерттеу жұмыстары жөнінде оқып-білген делегация таныстырды.

Көрме медициналық өнім өндірушілер қауымдастығы, MASSIAD мармарлық өңірінің бизнесмендер қауымдастығы, Түркияның SEIS денсаулық сақтау қызметтері қауымдастығының қолдауымен өткізілді.

Көрмеге қатысушылар назарына жаңадан ойлап табылған медициналық препараттар, диагностикаға, емдеу мен оңалтуға арналған заманауи әдістер мен техника, зертханалар мен емханаларға арналған жабдықтар ұсынылды.

Осыған дейін 2016 жылы өткізілген көрмеге 70 елден келген 1300 қатысушы компаниялар мен 30000 кәсіби келушілер қатысқан болатын.


Тiзiмге қайтару