• Каз
  • Рус
  • Eng

Қош келдің, Наурыз!

14.04.2017


Бүгін «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Наурыз мерекесін атап өтті. Осы мерекені тойлауға аталмыш қоғамның ұжымы, қонақтары және емделушілері қатысты.
Наурыз – достық пен татулықтың, еңбек пен тоқтықтың және қуаныш пен шаттықтың мерекесі. Бұл ай қандай жақсылықтармен өрнектелсе, жылымыз сондай жағымды болады деген түсінік қалыптасқан. Қазақ халқы Наурыз мейрамын бір ай бойы тойлайды. Бұл - бізге ғана емес, ежелден жалғасып келе жатқан бүкіл түркі жұртына тән қасиет.
Салтанатты шараның шымылдығын Жүрек Орталығының Директорлар кеңесі төрағасы Омаров Қадыр Тоқтамысұлы ашып, барша әріптестерін жыл басы мерекесімен құттықтады. Наурыздың құрметіне киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды. 
Ұлттық арқан тартыс, асық ойнау, қол күрес ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді.



Тiзiмге қайтару