• Каз
  • Рус
  • Eng

Тұңғыш құтқарылған жүрек. Жүрекке алғаш рет жасалған отаға 13 жыл

07.04.2017


7 сәуір 2017 жыл, Астана, Қазақстан

Осыдан тура 13 жыл бұрын 7 сәуірде Астана қаласында алдыңғы қатарлы кардиохирург Юрий Пя жетекшілігімен ашық жүрекке алғашқы ота жасалған болатын. Ота 6 сағатқа созылған. Өлім мен өмір арасында арпалысқан 63 жастағы Атырау тумасы бүгінгі күнде ел қатарлы өмір сүруде.           

Ашық жүрекке жасалған алғашқы отаның маңызы зор болды. Астана мен жақын арадағы өңірлердің барлығы дерлік сол уақытта кардиохирургиялық көмекке зәру еді, сол себепті бұл жағдайдың өмір сапасына, медицинаның дамуына, жалпы алғанда елдегі әлеуметтік жағдайдың жақсаруына тигізген әсері жайлы қанша айтсақ та артық болмас.

Жасалған отаның саны мен күрделілігі жылдан жылға артып, жаңа және отандық әдістемелер игерілді, заманауи жоғары технологиялық жабдықтар іске қосылды. Елдегі кардиохирургиялық жәрдем қолжетімді бола түсті. Кардиохирургия орталығының бой көтергеніне аз уақытта болса да, өткен уақыт жағдайында аса табысты болды.

 – Кардиохирургия қызметінің қалыптасуына Президенттің қосқан үлесін айтпай кету мүмкін емес: астананың ауысуы елдегі бар саланың дамуына жаңа дем бергендей, – дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Владимирович Пя. – Егер медицина жайлы жалпылай айтар болсақ, кардиологияда кардиохирургияның дамуына бұл факт сөзсіз әсер етті. Өткен уақытқа көз салсақ, кардиохирургияның Алматыда ғана болғандығы еске түседі, ал жаңа астанамен қатар жаңа орталықтың бой түзеуі кардиологиялық, кардиохирургиялық көмектің еліміздің түкпір-түкпіріне тарауына ықпал етті.  

 «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ дәрігерлер командасын және де, әрине, қала тұрғындарын осындай маңызды оқиғамен құттықтайды.

 




Тiзiмге қайтару