• Каз
  • Рус
  • Eng

Мәскеудегі конгресс

06.04.2017


4 сәуірде Мәскеуде Ұлттық хирургиялық конгресс – 2017 бастау алды. Конгресс хирургия саласындағы жинақталып қалған кәсіпқой, ұйымдастырушылық және әкімшілік мәселелерді жан-жақты қарастыратын алаң болып табылады. Жүрек орталығын интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушісі, медбике ісіндегі бас маман және ғылым бөлімінің бастығы таныстыруда.
Ұлттық хирургиялық конгресс кезінде бірнеше тақырып – жарығы түсу, мезентериалды тромбоз, ангиохирургия мен флебология, күретамырдағы тромбоэмболиялық асқынудың алдын алу, колопроктология, онкология, герниология, жарақаттарды хирургия жолымен емдеу, Фаст Трэк –талқылауға негіз болып алынды. Конгресс барысында талқыланатын тақырыптар қатарында балалар, далалық-әскери, абдоминалды, торакалды, жақсүйек-бет және пластикалық секілді хирургия түрлері де бар.
Конгресс шеңберінде пленарлық отырыс, тақырыптық секциялар, келісу конференциялары, тірі хирургия бойынша мастер-класстар, медициналық ота жасау жөніндегі медбикелер үшін арнайы секция, сателлиттік симпозиумдар, тренинг және бейнеомарафон өткізілуде.
Конгресс 2017 жылдың 7 сәуіріне дейін созылатындығын айта кетейік.



Тiзiмге қайтару