• Каз
  • Рус
  • Eng

IV Сібір қолқа симпозиумы

05.04.2017


30 наурыз бен 1 сәуір аралығында Новосібір қаласында IV«Сібір халықаралық қолқа симпозиумы» (SIAS) болып өтті. Жүрек Орталығын кардиохирургия бөлімінің жетекшісі және ғылым бөлімінің маманы таныстырды.
Симпозиум қатысушылары қолқаның жоғары көтерілуші бөлімі мен түбірі патологиясы кезіндегі қақпақшаның сақталуына жасалатын ота, қолқа доғасының хирургиясы, қолқаның кеуде-іштік бөлім хирургиясы саласындағы білімдерін тереңдете түсті. Ресей сарапшылары және Австрия, Голландия мен АҚШ елдерінен келген кәсіпқой мамандар дәріс оқып, ең қызықты деген клиникалық жағдайлар қарастырылды. Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде ота жасау процесі хирургтардың түсіндіруімен тікелей эфирде көрсетілді. Шетел мамандарының тәжірибесі, ота жасау бөлімінен тікелей көрсетілім, түрлі емдеу әдістерінің тиімділігі жөнінде қызу пікірталас – бұның барлығы қолқа патологиясы бар пациенттерді емдеуде туындайтын мәселелерді шешуге жасалған маңызды бір қадам болды. Симпозиум қатысушыларының өткізілген іс-шара барысында алған білімдері маман ретіндегі біліктіліктің артуына ықпал етері сөзсіз.
Ғылыми бағдарлама қызықты, ал пікірталас жемісті болды. Конференция еңбек жолындағы өзара көмек пен тәжірибе алмасу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.



Тiзiмге қайтару