• Каз
  • Рус
  • Eng

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЮРИЙ ПЯ ЖҮРЕККЕ АШЫҚ ОТА ЖАСАДЫ

24.02.2017

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, профессор, Қазақстанның Еңбек ері Юрий Пя мен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, медицина ғылымдарының  докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Еңбек ері Серік Ақшолақов Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерімен кездесті. 
Кездесу барысында «Ұлт жоспары – Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі жан-жақты талқыға түсті.
Оған қоса, Юрий Пя 59 жастағы Қызылорда қаласы тұрғынының жүрегіне инновациялық ота жасады. Ал, Серік Ақшолақов 15 емделушіге дәрігерлік кеңес берді.
Осылайша, Еңбек ерлері Қызылорда облыстық медициналық орталығының құрметті мүшелері қатарына қосылды. Дәрігерлердің айтуынша, олар ОМО-дағы қызметтестеріне тұрақты түрде көмек көрсетіп отыратын болады.

https://www.zakon.kz/4845413-v-kyzylorde-jurijj-pja-sdelal-operaciju.html   
 



Тiзiмге қайтару