• Каз
  • Рус
  • Eng

Мобильді қосымша арқылы дәрігерге қаралуға жазылу іске асатын болды

15.02.2017

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі міндетті медициналық сақтандыруды енгізу аясында науқастар үшін мобильді қосымша жасақтап жатыр. Ол азаматтардың өздері қалаған уақытта дәрігерге қаралуға жазылуын тиімді етуге арналған.  Бұл туралы бүгін Астанада өткізілген дөңгелек үстелде Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттандырылуын дамыту – оны барынша жетілдірудің сатыларының бірі. Мақсаты – науқастарға қызмет көрсету және жалпы медицинаның сапасын жақсарту болып табылады. Бұл сол секілді кезекке тұруды алдын-ала және қолайлы жазылумен алмастыруға мүмкіндік береді.

Өз позициясын министр келесідей түсіндірді «біз аталмыш жүйені бірнеше аймақтарда енгізіп үлгердік, бұл жерлерде дәрігердің қабылдауына телефон не интернет арқылы жазылу мүмкіндігі бар, әрине, қаласаңыз тіркеу бөлімінде де жазыла аласыз, мұнда кезекшілер сізді дәрігердің бос уақытына жазып не науқастың өзіне қолайлы уақытты таңдауы  мүмкіндігі ұсынады. – Біз қазір мобильдік қосымшаны баршаға қолайлы болуы үшін жасағымыз келіп отыр. Оған қосымша электронды денсаулық төлқұжаты да жасақталуда. Әр азаматтың алдыңғы бетте өз жеке кабинеті болады, мұнда оның денсаулығына қатысты барлық мәліметтер енгізіледі (қан тобы, аллергиялық реакциялары, егілулері және т.б.), бұл секілді мәліметтерді науқас әлемнің ғаламтор және ақпараттық ресурстар бар кез келген нүктесінде отырып, қол жеткізе алады».

Бұдан өзге, вице-министр ММС артықшылықтары мен оны енгізу қажеттіліктеріне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, сақтандыру жүйесі азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершіліктерін арттыруға септігін тигізетін болады.

«Сақтандыру медицинасы, алдыңғы кезекте, алда кездесетін мүмкін жағдаяттар мен қатерлермен күресуге мүмкіндік беретін болады, - деп сөзін жалғады Алексей Цой. – Әлемнің барлық аймақтарында халықтың қартаюы өсіп келеді. Бұл әрине жақсы жаңалық, біз өмір ұзақтығы үшін күресудеміз, Қазақстанда аталмыш көрсеткіш 72 жасқа дейін ұзарғандығы белгілі. Бұл медицина мен жалпы қоғамның жетістігі, алайда қарт адамдар денсаулық сақтау жүйесінің жіті назарын қажет ететіндігі де белгілі, өйткені олар жиі сырқаттанады және медициналы көмекке жиірек зәру болады».

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, денсаулық сақтау саласының 50% астам қаржысы 5 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан жоғары ересектерге жұмсалады. Сондықтан медициналық қызметтерге деген қажеттіліктің өсуі мен сұраныс мемлекеттің денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржысынан артық болып тұр. Сондықтан бүгінгі күні бізге өзара жауапкершілік қажет.

ММС өзге бір артықшылығы, Цойдың айтуынша, ақысыз дәрі-дәрмектер тізімінің кеңейтілетіндігінде жатыр.

«Өткізілген сараптаманың нәтижесінде біз соңғы жылдары халықтың дәрілерге ақысыз медициналық жарнамен салыстырғанда өз қалталарынан қаржыларын көбірек жұмсайтындығын анықтадық. Бұл аса жағымды жаңалық емес, - деді ол. – Өйткені әрбір тұрақты денсаулық сақтау жүйесінің мақсаты халықтың өз қаржысынан шығарылатын шығынының 20% аспауын қамтамасыз ету болып табылады. Бізде бұл көрсеткіш 30% дейін жетеді. Сондықтан сақтандыру жүйесі тарапынан ұсынылатын қызметтердің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін қаржылай тұрақты жүйені құру туралы тапсырма берілді».

Мұнда аталған мезетте азаматтардың жеңілдікке мұқтаж санына берілетін дәрілердің (құрт ауруы, диабет ауруы, эпилепсия және т.б.) түрлерін сақтандыру қоры тарапынан біртіндеп кеңейту әрекеті атқарылатын болады. Паллиативті көмек элементін кеңейту (аталмыш мезетте азаматтардың бұл тобы көп ретте қызметтерді өз қаржысынан төлеуге мәжбүр). Айығу процесін бақылау және осы процестің жедел орын алуына септігін тигізу мақсатында науқастардың стационарда медициналық бақылауда болу мерзімін яғни айықтыру қызметтерінің үлесін ұлғайту да жоспарланған.

«Одан әрі біз күту мәселелері, азаматтарымыздың жоғары технологиялы, қымбат оталар үшін кезекке тұруында да қиындықтар бар екендігі белгілі. Мәселен, сандағы қан тамырын ауыстыру, - деп вице-министр келесі мәселеге көшті. – Протездің өзі 4-6 мың. Доллар тұрады, мұндай шығынды мемлекеттің өз мойнына ала алмайтындығы белгілі. Сәйкесінше күтушілердің де көлемі үлкен, біз азаматтардың қажетті отаға тезірек қол жеткізуі үшін осы тізімдерді кеңейткіміз келеді, бұл да ММС тарапынан қаржыландырылатын болады».

Бұдан басқа, деді Цой, ММС аясында жалпы практикадағы дәрігерлердің қызмет көрсететін аймақтары іріленетін болады.

«Қазір жалпы практикадағы бір дәрігердің қарауына шамамен 2200 науқастан келеді, дәрігердің науқастардың барлығын қарауға физикалық мүмкіндігі жоқ, оның үстіне ол учаскелік дәрігер ретінде үйдегі науқастарға да баруы керек. Еуропада бұл көрсеткіш бір дәрігерге шамамен 1555 адамды құрайды,  дәрігер өз жұмыс күнін поликлиникадағы қарау және үйге бару деп бөле алады. Біз де осындай қызметке талпынатын боламыз» - деді ол.

https://www.zakon.kz/4844009-zapisatsja-na-priem-k-vrachu-mozhno.html  



Тiзiмге қайтару