• Каз
  • Рус
  • Eng

«Шекарасыз» оқыту

30.01.2017



2017 жылдың 30 және 31 қаңтарында Жүрек орталығында «ЭКМО, cоғып тұрған жүрекке АКШ, жүрек қалқанының фибрилляциясы терапиясын дамытудың қашықтықтан оқытудағы жаңа әдістері» тақырыбындағы конференция өтіп жатыр.
Мобильді қосымшалардың авторларымен бірігіп өткізіліп жатқан оқыту курсы Қазақстанның әр алуан аймақтарынан келген 50 астам дәрігерлердің басын қосты.
Шараны Жүрек Орталығы басқармасының төрағасы Пя Юрий Владимирұлы өз сөзімен ашып берді.
Бағдарламаның алғашқы бөлімі аса қанықты шараларға толы, бұл ретте жоғарыда аталған терапия түрлері бойынша жүрек орталығының мамандары өз баяндамаларын ұсынатын болады.
Екінші бөлімде тақырыптық және практикалық сабақтарды (life-case) өткізу, сол секілді дөңгелек үстел басындағы талқылау жоспарланған.
Қашықтықтан оқытудың жаңа әдістерінің арқасында дәрігер өз білімін үнемі жаңартып, өз жұмыс орнынан алыстамай, әрі келесі жоспарлы оқытуды күтпей медицина саласындағы жаңалықтарды біле алатындығын атап өткен жөн. Бұл білімді алу және біліктілікті көтеру саласына үлкен көмек екендігі сөзсіз.



Тiзiмге қайтару